Accessibility links

Украинадағы соғысқа жүздеген Йемен азаматы тартылған болуы мүмкін


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей армиясы Украинаға қарсы соғысқа жүздеген Йемен азаматын жалдаған. Бұл туралы 24 қарашада соғысқа тартылған осы адамдардың кейбірінің сөзіне сүйеніп The Financial Times газеті жазды

Йемен азаматтары жоғары жалақы төленетін жұмыс пен Ресей азаматтығы беріледі деген уәдеге сеніп қалғанын айтқан. Бірақ хуситтерге қатысы бар компания арқылы Ресейге жеткен оларды Ресей қарулы күштері қатарына мәжбүрлеп қосып, майдан шебіне жіберген.

The Financial Times газеті Йемен азаматтарын соғысқа тарту биыл шілдеде басталған болуы мүмкін деп топшылайды. Басылым олардың Украинадағы майданда пайда болғаны – адам саудасындағы құпия операцияның салдары деп атады. Газет бұл ақпарат Мәскеу мен Иран қолдап отырған Йемендегі хуситтер тобы арасындағы байланыс артып келе жатқанын айғақтайды деді.

FT Йемен азаматтарын Украинадағы соғысқа жіберу қақтығысқа шетел күштері көп тартылып жатқанын көрсетеді, өйткені адам шығыны артып келеді, ал Кремль толық мобилизация жариялаудан қашуға тырысады деп хабарлады. Ресей соғысқа тартқан шетелдіктер арасында Үндістан, Непал азаматтары және Солтүстік Корея армиясының 12 мыңға жуық сарбазы бар деді газет.

Йемен азаматтарын Украинаға қарсы соғысқа жалдау туралы ақпаратқа Мәскеу реакциясы келтірілмеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG