Accessibility links

Ақтөбедегі сарбаз өлімі: марқұмның анасы мәлімдеме жасады


Әскери қызметкердің киімі. Көрнекі сурет.
Әскери қызметкердің киімі. Көрнекі сурет.

Ақтөбедегі Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде қаза тапқан 19 жастағы Ярослав Воробецтің анасы видеомәлімдеме жасап, әскерді кінәламауды сұрады. Ресми деректе "суицид жасады" деп айтылған сарбаз – Павлодар облысының тумасы. Әскер қатарына 2024 жылғы сәуір айында қабылданған.

Ұлының қазасынан кейін Ақтөбеге барған Ирина Воробец "ата-аналар мен қыздардан өтінерім, сарбаздарды негативтен қорғаңыздар, олар дуалдың арғы жағында болып жатқан жамандық туралы білмей, алаңсыз қызмет етсін" деді видеода. Оның нені меңзеп тұрғаны түсініксіз.

"Ұлым жақсы қызмет етіп жүрді. Оны ренжіткен жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы болған. Тергеу жүріп жатыр, [жай-жапсарын] анықтайды деп үміттенемін. Оны өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген нұсқаны таратпаса екен. Медициналық сараптама жасалмас бұрын ұлымды көрдім, көгерген, ұрып-соққан [іздер] болмады", – деді марқұм сарбаздың анасы.

Ресми деректе сарбаз Ярослав Воробец өзіне бекітілген қарудан оқ атып, суицид жасады деп айтылған. Оқиға 23 қарашада әскери бөлімнің полигонында болған.

– Сарбаз өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялай алмаймыз. Құрлық әскері қолбасшылығы сарбаздың туыстарына көңіл айтады, – деп жазды Ақтөбе гарнизоны баспасөз қызметі Азаттыққа жолдаған хабарламасында

Биыл әскердегі сарбаз өлімі жиілеген тұста ePetition.kz порталында міндетті әскери қызметті алып тастау туралы петиция жарияланған. Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл бастаманы "елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру" деп атап, "елдің қорғаныс мәселесі петицияға негіз бола алмайды" деп мәлімдеген.

"Өзін-өзі екі рет атқан". Түркістан облысында 18 жастағы сарбаз жерленді
please wait

No media source currently available

0:00 0:12:17 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG