Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанда президент сайлауына 17 күн қалды. «Президент атануды көздемеймін» деген кандидат Салтанат Тұрсынбекованың Ақордаға қарама-қарсы орналасқан штабында қызып тұрған үгіт-насихат байқалмайды.
Сенат Қаңтар оқиғасына байланысты "Рақымшылық жасау туралы" заң жобасы сенатта қабылданып, президентке жолданды. Құжатқа сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде "заңбұзушылықтарға қатысы бар" 1,5 мыңдай адам амнистияға ілінеді.
Диссидент Ермек Нарымбаев "қайтыс болған жағдайда дене мүшелерін донор ретінде беруге, ғылым мақсатында қолдануға келісім беретіні" туралы хат жазды. Азаттық диссиденттің әкесі Ерсайын Нарымбаевтан ұлының атынан тараған осы хат туралы пікір сұрады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қазан күні Санкт-Петербургте өткен ТМД басшыларының кездесуінде орыс тілін дамытуды көздейтін ұйым құруды ұсынған. Ресей президентінің аузынан шыққан бұл ақпаратқа байланысты Ақорда әлі ештеңе айтпады. Жаңалықты қазақ қоғамы әр түрлі қабылдады.
Қазақстан мен Ресей біріне бірі дипломатиялық жолмен өкпе-реніш айтып жатыр. Оған Украинаның Қазақстандағы елшісі себеп. 4 қазан күні Ресей сыртқы істер министрлігі қазақ елшісін шақырып алып «орыстарды көбірек өлтіруге тырысамыз» деген елшіні «қуып шықпадыңдар» деп сөккен. Астана бұл әрекетті «сері
Ресей Украинаға басып кіріп, соғыс ашқанда және 21 қыркүйекте президент Владимир Путин әскери мобилизация жарияланғанда Қазақстанға мыңдаған ресейлік өткен. Оның арасында Кремль саясатын сынаушы қоғам белсенділері де, тәуелсіз журналистер де бар. Бірақ олар Қазақстанды қауіпсіз ел деп санамайды.
Қазақстанда Ресейдегі әскери мобилизациядан қашып, шекара асқандар бірнеше күннен бері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүр. Олар уақытша тіркеуге тұрып, банктен аккаунт ашу үшін ЖСН алып жатыр. Азаттық олардың Украинадағы соғысқа байланысты көзқарасын сұрап көрді.
Нұр-Сұлтанда ғалымдар билікті "президент жолдауын қолдау үшін әкімшілік ресурсты пайдаланып отыр" деп айыптады. Олардың сөзінше, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жоғары білім министрлігінен арнайы нұсқау келген. Министрлік те, университет те бұл ақпаратты жоққа шығарады.
Қазақстандықтар Қостанайдағы алапат өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр. Бүгін астанадан табиғи апат болған өңірге азық-түлік пен басқа да қажеттіліктер тиелген 150 газель жөнелтілген. Еріктілер акция қыркүйек айы бойы жалғасады дейді.
Қаңтардағы қантөгістен соң жарты жылдан асса да, Таразда дүрбелең салдары әлі сезіледі. Тергеудің, соттың әділетсіздігіне шағым айтқандар көп. Қаңтар оқиғасы өмірін өзгерткен адамдар Азаттыққа арыз-мұңын айтты.
Таразда болған Қаңтар оқиғасы ондаған адамның жүрегіне жара салып, өмірінде із қалдырды. Дүрбелеңде жақынын жоғалтқандардың көз жасы құрғамаған, әділетсіздікке шағынатындар да көп. Азаттықтың "Қаңтардағы Тараз. Жоқтау мен іздеу" фильмін 23 тамызда Алматы уақытымен 11:00-де көруге шақырамыз.
Қазақстанда кейінгі жеті жылда аутизм диагнозы қойылған бала саны бес есе артқан. Денсаулық сақтау министрлігі дерегінше, былтыр 1184 балаға осы диагноз қойылған. Азаттық тілшісі баласы аутист ата-аналармен сөйлесіп, олардың неге қуанып, неден қиындық көретінін сұрады.
“Алға Қазақстан” оппозициялық ұйымын партия етіп тіркегісі келетін белсенділер үгіт-насихат парақша таратқаны үшін қудаландық деп шағымданады. Полиция оларды "тiркелмеген я қызметi тоқтатылған, тыйым салынған қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысты" деп ұстап әкеткен.
11 шілде күні Таразды көк түтін басып, тұрғындар тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Сол күні Қазфосфат зауытында апат болып, ауаға зиянды қалдықтар тараған. Жергілікті билік ауа тазарды деп хабарласа да, эколог лас ауаның ұзақ уақытқа сақталу қаупі бар дейді. Оқиғаның мән-жайын анықтап көрдік.
Қазақстанда қайыр тілеген адамдар көбейді. Бұрын жұрт мешіт пен базар маңында қол жайып, ақша сұраса, қазір тіленшілерді сауда үйінен, автобустан, үй ауласынан кезіктіруге болады. Көше кезіп, күн көріп жүргендер бұл тірлікке амалсыз барғанын айтады. Елде қайыршылардың ресми есебі жүргізілмейді.
Қаңтар дүрбелеңінен кейін полиция азаптап, екі аяғы бірдей сынған қырғызстандық азамат "қылмыс жасағандар заңға сай жауап берсін" дейді. 47 жастағы Шолпанбек Сыдықовтың жарты жылдан бері денсаулығы қалыпқа келмеген. Ауыр отадан кейін, арбаға таңылған жігіттің қазіргі өмірі қандай?
Қазақстан парламенті жазғы каникулға кетті. Демалысқа кеткен депутаттардың жұмысы жөнінде елдің әр өңіріндегі қарапайым тұрғындардан пікір сұрадық.
"Қаңтар оқиғасында мерт болған 230 адамның аты-жөні түгел анықталды" дейді бас прокуратура. Бірақ нақты қашан жариялайтынын айтпады. Ал Азаттық радиосының "Қаңтар құрбандары" жобасында 203 марқұмның дерегі бар.
16 маусымда Lookout зерттеушілер тобы "Қазақстан билігі Италияда жасалған шпиондық бағдарлама арқылы кейбір азаматтың телефонын аңдитынын" жазды. Былтыр OCCRP зерттеушілері де "Қазақстан үкіметі израилдік Pegasus шпион бағдарламасын пайдаланып, журналистер мен азаматтық белсенділер, саясаткерлердің телефонын бақылайтынын" мәлімдеген. Билік өкілдері бұны жоққа шығарады және "бос сөз" деп атайды.
Нұр-Сұлтандағы №1 аурухананың бір топ медбикесі мен санитар тазалықшылары жалақыны көтеруді, дәрігерлер күніне орай сыйақы беруді талап етті. Олар жұмыстың ауыр, жалақының аз екенін айтып шағымданады.
Тағы