Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанда 1500-ден астам ауылда тұрғындар ішетін таза су жоқ. Парламент депутаттары бұл мәселе бірер жылда шешілмейді дейді. Ал сарапшы мұны сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады.
Әділет министрі Қанат Мусин журналистердің бұрынғы президентті жауапқа тартуға бола ма деген сұрағына жауап берді.
Қаңтар оқиғасынан соң билік «Жаңа Қазақстан» құрамыз деп уәде берді. Ақорда 5-маусымдағы референдумнан соң "президенттің билігі әлсіреп, парламент күшейеді" деген. Мәжіліс спикері әрі биліктегі "Аманат" партиясының төрағасы "Жаңа Қазақстанда енді не өзгерді?" деген сауалына жауап берді.
Қазақстанда жыл басынан бері жұмыс орнында 500-ден астам адам жараланып, 70 адам қаза тапқан. Төтенше жағдай министрлігі мәліметінше, кейінгі уақытта жүк көтергіш техникаларға байланысты апаттар жиілеген.
Қазақстан парламенті шетелге заңсыз жолмен кеткен қаражатты қайтаруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Билік есебінше, тәуелсіздік алғалы Қазақстаннан көлеңкелі жолмен шығарылған қаржы көлемі 100 миллиард доллардан аз емес.
"Полиция бассыздығы мен сыңаржақ сотқа орын жоқ" деді Қазақстан президенті референдум өткен соң. Ол құзырлы орган саласына түбегейлі реформа қажет екенін айтады. Бірақ заңгер Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзіне күмәнмен қарайды.
Қазақстанда үш күннен кейін, 5 маусымда референдум өтеді. Қоғамда кемі 230 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасының шындығы ашылмай, "билік асығыстық жасап отыр" деген пікір бар. Сенат депутаттарының кейбірі Қаңтар оқиғасына жауаптыларды анықтаудың саяси реформаларға қатысы жоғын айтады.
2022 жыл - Қазақстанда балалар жылы деп белгіленген. Ресми дерек бойынша, елде 6 миллионға жуық бала бар. Билік елде балаларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған деп есептейді. Ал көп балалы ана тегін үйірме табу, үкіметтің жеңілдіктеріне қол жеткізу қиын екенін айтады.
Қазақстанда конституция өзгеріс енгізуді көздейтін референдумға санаулы күн қалды. Қазір үгіт-насихат жұмысы күшейіп тұр. Үкімет мүшелері, депутаттар мен саясаткерлер өңірлерді аралап, референдумның маңызын халыққа түсіндіріп жүр. Алдағы саяси науқанға танымал блогерлер де үн қоса бастады.
Қазақстанда 5 маусымда өтетін референдумда конституцияға өзгерістер қабылданса, мәжіліс пен сенаттың заңдарды қарау тәртібі өзгереді. Сенаттың заңды қабылдау құзіреті мәжіліске ауысады. Бұл жоғарғы палатаның ықпалын азайта ма?
Қазақстанда соңғы күндері АҚШ доллары арзандап, Ресей рублі қымбаттап барады. Мамырдың 25-і күнгі биржада 1 доллар - 415, ал 1 рубль 7,44 теңге болы тұрақтады. Тұрғындар сөзінше, доллар арзандаса да азық-түлік бағасы түспеген. Министр ішіп-жем құны доллардың бағамына байланысты емес кенін айтады.
Қоғам белсенділері утилизация мәселесінде Қазақстан үкіметі олигополия мүддесін қолдап отыр деп айыптады. Олар биліктен агротехникадан утилалымды алып тастауды талап етеді. Мәселе шешілмесе, министрлер кабинетін сотқа беруге дайынбыз дейді. Ал үкімет мұны бос даурықпа деп санайды.
Астанада баласы да, өзі де мүгедек Махаббат Құсайынова бірнеше күннен бері төсек тартып жатыр. Әйел әкімдік берген жатақхананың төртінші қабатындағы баспалдақтан құлап, аяғы сынған. Қазір оған өзі сияқты жарымжвн жандар көмектеседі.
Маңғыстау облысында тағы да еңбек дауы. Бұл жолы “Оңтүстік Шығыс сервистік тобы” мекемесінің жұмысшылары жалақыларын жұмыс берушінің азайтып жатқанына шағымданады. Жұмыс беруші “мердігер үстеме ақы төлеуден бас тартты” дейді.
Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан конституциясын референдум арқылы өзгерту бастамасын халықтың басым бөлігі қолдайды дейді. Алайда сарапшы референдум қорытындысы халықтың емес, Ақорданың ғана жеңісі болмақ деп санайды.
Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасына өтініш қабылдау басталып, арзан көлік мінгісі келген жұрт автосалондарға ағылды. Үкімет бағдарламаға 100 миллард теңге бөлген. Бірақ сарапшы бағдарламаның жұртты көлікпен жарылқайтынына сенбейді
Билік референдум өткізуге қызу дайындалып жатыр, ал тұрғындар негізгі заң өзгергелі жатқанын біле ме? Әріптесім астаналықтардан сұрап көрді.
Жаңаөзенде жиырма күннен астам уақыт ереуілдеп талаптарын орындата алмаған «КезБи» мекемесінің мұнайшылары астанаға келді. Олар бірнеше министрлік пен мәжілістің бірқатар депутатына барып шағым айтты.
Қазақстан мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов 27 сәуірдегі брифингте "егер Конституцияға өзгеріс енгізілсе, "Тұңғыш президент – Елбасы" конституциялық заңы күшін жояды деп күтіліп жатыр" деді.
Түркістан облысында кемі бес елдімекен селден зардап шегіп, жүздеген мал қырылды. Әкімдік дерегінше, 18 үй лай судың астында қалған. Су басқан ауылдардан елудей адам эвакуацияланған. Табиғи апатпен арпалысқан жұрт биліктен тез арада көмек болса дейді.
Тағы