Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Жаңаөзен қаласында тұрақты жұмыс сұраған 15 шақты тұрғын екі күннен бері аштық жариялап жатыр. Қала билігі оларды "ұсынған жұмысқа бармайды" деп кінәлады.
Мәжіліс депутаттарының кейбірі мемлекеттік телеарнада, бұған дейінгі жұмыс орны – YouTube-арнасында әлі эфир жүргізеді. Бірі тегін істейтінін, тағы бірі айлық алатынын айтады. Заңда депутаттың шығармашылық қызметпен айналысуына тыйым жоқ, бірақ бір заңгер депутаттардың әрекетінен қайшылық көреді.
2 сәуір күні Алматы мен Астана қаласында тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясын жақтаушыларды полиция ұстап әкетті. Әлеуметтік желіге тараған видеоларда кейбірінің көлігін тоқтатып, ішіне газ шашқан, кейбірін машинасымен қоса тиеп әкеткен. Ішкі істер министрлігі түсініктеме бермей отыр.
Азаттық тілшісі мәжіліске өткен депутаттардан "Қаңтар оқиғасында оқ атқан, оқ атуға бұйрық берген адамдарды жауапқа тартуды талап етесіз бе?" деп сұрады. Депутат қызметіне кірісетін спортшы Ардақ Назаров, журналист Мақсат Толықбай, ақын Ринат Зайытов, заңгер Абзал Құспан не деді?
Қазақстан Конституциясына сәйкес, мәжіліс сайлауынан соң үкімет жұмысын доғарып, қайта жасақталуы тиіс. Бірақ инфляцияның өсуіне, азық-түліктің, тауардың қымбаттауына тосқауыл қоя алмай, сынға қалған Әлихан Смайылов кабинеті тарай ма, жоқ па, белгісіз. Шешім шығару құзыреті президенттің қолында.
Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып, түрмеге қамалған шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевты ақтады. Ол "жаппай тәртіпсіздікке шақырды және оны ұйымдастырды" деп айыпталып, 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған. Ал онымен бірге сотталған Ләззат Досмамбетова рақымшылыққа ілікті.
Ресей президенті Владимир Путинге алғыс айтқан Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың сөзінен соң басталған дау сотта жалғасты. Белсенді Арман Шораев бұрынғы коммунистер партиясын "сатқындар" деген. Партияның басқа бір мүшесі бұған шамданып, "ар-намысыма тиді" деп сотқа берді.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі журналистерге шабуылды үйлестіргендер мен оны орындағандар ұсталғанын мәлімдесе де, тапсырыс беруші кім екенін әлі жарияламады. Құзырлы орган шабуылдың мақсаты "президентті дискредитациялау" дейді.
Қазақстан тұрғындары жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға жылу жинап жатыр. Бір топ ерікті киім-кешек пен басқа да қажет заттарды топтастырса, тағы бір топ адам 100 киіз үй жеткізіп бермек.
Бүгін "Нұр Отанның" жалғасы – "Аманат" партиясы құрылтай өткізді. Партия жиыны сайлауға 119 кандидат ұсынды. Олар бірмандатты округтерге берілген 29 орыннан да дәмелі. Ұсынылғандар арасында айтыскерлер, спортшылар, журналистер мен блогерлер бар.
"Ақ жол" партиясы Астанада кезектен тыс съезд өткізіп, алдағы мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайтынын айтқан "парламенттік оппозицияның" мәжіліске ұсынған тізіміне енгендердің көбі – бұрынғы депутат.
Былтыр тамызда әскерде өзіне қол салып, мерт болған жауынгердің ісі бойынша сот сараптамасын ашық жариялаған адвокат этиканы сақтамады деп айыпталды. Ішкі істер министрлігі адвокат Сержан Пралиев қызметтік тексеріс жүргізуді ұсынды. Адвокат мұны қысым деп қабылдап отыр.
14 жастағы Ақбота — арба үстіндегі биші. "Билегенде ұшып жүргендей болам" дейді. 14 жасар қыз үшін өнердің бұл түрі өмірінің айнымас бөлігіне айналған. Қазір аптасына үш рет жаттығып жүр. Азаттық жас бишінің өнерін тамашалап, арманын біліп қайтты.
5 қаңтарда Қазақстан парламенті тура бір жыл бұрын болған Қаңтар оқиғасына байланысты құзырлы органдардың жауабын тыңдады. 238 адам қаза тауып, 5 мыңдай азамат жараланған оқиғаны бас прокурор "ұйымдастырылған" деді және дәлел жеткілікті екенін айтты.
Шымкентте балалары Қаңтар кезінде оққа ұшқан бір топ ата-ана бүгін қала әкімдігі алдында жиналды. Олар "балаларымыздың қаны төгілген алаңға шырша қоюға қарсымыз" дейді. Наразылар президент Тоқаевқа да хат жазды.
Қазақстанда Жоғарғы сот төрағасы ауысты. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев қызметке әкелген Жақып Асановтың орнына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асламбек Мерғалиевты ұсынды. Сенат депутаттары бұл адамды санаулы минутта сайлады.
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы 20 қарашада өткен президент сайлауында шынайы бәсеке болмады деп санайды. Ол президент болуға бақ сынағандардың ел арасында танымал емес дейтін қоғам сынымен келіседі. Әрі бұл сайлауды "саяси технологтардың жоспарымен өтті" деп болжайды.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы болып Қазақстан саясаткері Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды. Оны бұл лауазымға президент Қасым-Жомарт Тоқаев лайық көрген. Үш жыл бұрын өзі зейнетке жіберіп, кейін қызметке қайта шақыруын Тоқаев әкімшілігі халыққа түсіндірмеді.
Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ бюросының Қазақстандағы сайлау жөніндегі пікірімен келіспейтінін мәлімдеді. Ұйым жанындағы Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы елдегі президент сайлауын бақылап, бірқатар ұсыныс айтты, бәсекенің әлсіз болғанын атады.
Қазақстандағы президент сайлауына санаулы күн қалды. Саяси науқаннан жұрт не күтеді? Сайлаудан соң халықтың әл-ауқаты жақсара ма? Азаттық тілшісі Астанадағы шағын базарда оны-мұны сатып күн көріп отырған адамдарға осы сұрақтарды қойды.
Тағы