Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Арыстағы әскери қоймада болған жарылысқа кім жауапты? Азаттық тілшісі бұл сұрақты Нұр-Сұлтан тұрғындарына қойып көрген еді.
25 маусымда Үкіметтегі отырыста Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс талқыланды. Денсаулық министрі Елжан Біртановтың сөзінше, Арыстағы жарылыстан кейін барлығы 165 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың 89-ы ауруханада жатыр. 15 адамның жағдайы ауыр.
Маусымның 20-сы күні Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу емтиханы басталды. Биыл елде 117 мың түлек ұлттық бірыңғай тестілеуді таңдаған. Сынақтың алғашқы күні қалай өтті? Талапкерлер қандай қиындықтарға тап болды?
12 маусымдағы инаугурация кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеген. Жаңадан құрылатын ұлттық кеңес пен парламент бір-бірінің жұмысын қайталамай ма?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеранасына берген сұқбатында "Қазақстанда бейбіт шерулерге рұқсат беретін жаңа заң жобасы қабылданады" деді. Азаттық тілшілері Тоқаевтың бұл пікіріне қатысты митинг өткізу үшін билікке бірнеше рет өтініш жазған белсенділердің ойын білді
Маусымның 9-ы күні Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатқанда астанада жүзден аса адамды полиция ұстап әкетті. Наразылардың кейбірі "Сайлауға бойкот!" деп айқайлады.
Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев наразы аналардың барлығына бірдей үй беру мүмкін емес дейді. Ал уақытша баспана жалдап, тапқаны шайлығына жетпейтін көп балалы отбасылар нені армандайды?
Сенат Назарбаевқа "құрметті сенатор" төс белгісін табыс етті. Бұл мәртебе тағы кімге берілуі мүмкін? Сенат депутаттары жауап берді.
Қазақстанда көп балалы аналар бірнеше айдан бері наразылық білдіріп, биліктен әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді, баспара беруді талап етіп жатыр. Қоғамда аналар талабын орынды деп санайтындар да, мұны масылдық деп есептейтіндер де бар.
Құрылтайға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген адам келді.
Маусымның 1-і күні Нұр-Сұлтанда таңертеңгі сағат 11.00 шамасында басталған "Халық құрылтайына" Павлодар, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Алматы және елдің өзге де қала, аймақтарынан келген жүздеген азамат қатысты.
Қазақстанды отыз жылдай басқарып, биылғы наурызда отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа "құрметті сенатор" атағы берілді. Дауысқа салған кезде бірде-бір депутат қарсы шыққан жоқ.
29 мамырда Қазақстанда кандидаттар теледебаты өтті. Қарапайым тұрғындар дебатта қандай мәселелердің қозғалғанын күтеді?
Бүгін кешкі 18:00 де жергілікті телеарнада президенттікке кандидаттардың дебаты көрсетіледі. Түс кезінде 7 кандидаттың екеуі – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дания Еспаеваның дебатқа қатыспайтыны туралы ақпарат тарады. Ал, түске дейін Азаттық мәжіліс депутаттарына «Сайысқа кандидаттардың бәрі барғаны дұрыс
Отыз шақты отбасы сатып алған пәтерлерінің екінші қожайындарымен бірнеше жылдан бері соттасып жүр. Яғни, бір компания үй салып, екі адамға сатқан. Қысқа қайырғанда екі жеп, биге шықпақ болады. Кейін қылмыстары ашылып қалып, сотталып кеткен. Бірақ баспана дауы сол күйі шешілмей қалған.
Қазақстанда ет бағасы соңғы уақытта күрт қымбаттады. Базарда сиыр етінің келісі -1700, ал қой мен жылқы еті - 2200 теңге тұрады. Мәжілістегі етті экспорттау мәселесі талқыланған жиында ауыл шаруашылығы министрі сиыр етінің бағасы 1500 теңге деген.
23 мамырда Нұр-Сұлтанда Қазақстан индустрия және инфрақұрылым министрлігінің ғимараты алдында бірі мүгедек баласы бағып отырған, бірі көп балалы отыздан аса ана келді.
Азаттық Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан кандидаттардың үгіт-насихаты туралы мәжіліс депутаттарының пікірін білді.
22 мамырда таңертең Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы "Полянка" өндірістік кооперативінің ондаған тұрғыны қалалық әкімдікке келіп, "заңсыз салынды" делінген саяжай мәселелерін шешіп беруді талап етті. Оларды қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қабылдады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдар басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс" деген. Азаттық тілшісі үкімет отырысынан кейін министрлерден осы мәселе жөнінде пікір алған.
Тағы