Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
17 мамырда Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Біріншіден, біз оларға баспана берсек, олар бақытты болып кете ме?" деген пікір айтты. Азаттық тілшілері аналардан министрдің айтқаны жайлы сұрап көрді.
Президенттікке үміткерлер үгіт-насихат жұмысына кіріскен. Азаттық тілшісі сайлауалды штабтарды аралап көрді.
Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелген жеті кандидат үгіт-насихат жұмыстарын бастағанына бір аптаға жуықтады. Азаттық тілшісі кандидаттардың сайлауалды штабтарында барып қайтты.
Қазақстан президенттігіне кандидаттар өзара дебатқа шығуға келіссе ол қалай өтуі керек? Азаттық тілшісі бұл сауалды парламент мәжілісі депутаттарына қойды.
Сәуірдің соңында Азаттық редакциясына қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын студенттер президенттікке кандидатты қолдайтын сайлаушылардан қол жинау парағының фотокөшірмесін жолдады. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы бұл парақ қай кандидатқа тиесілі екенін айтты.
1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингіде ұсталғандардың кейбірі жауапқа тартылып жатыр. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын бұзу емес пе? Осы сауалды Азаттық тілшісі сенат депутаттарына қойып көрді.
Президент сайлауына ұсынылған сегіз үміткердің бәрі қол қою парағын алды. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қол жинау науқаны 6 мамырда аяқталады. Аз уақытта 118 мың адамның қолын жинау мүмкін бе?
Қазақстанда 9 маусымда өтетін президент сайлауына түсуге ниетті жеті үміткер анықталды. Нұр-Сұлтан тұрғындары партиялар мен ұйымдар ұсынған кандидаттарды тани ма, оларға сене ме?
Баннер ілгендері үшін қамалған белсенділер туралы мәжіліс депутаттары да пікір білдірді. 21 сәуірде Алматы марафоны кезінде жол жиегіне "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген баннер ілгені үшін Әсия Төлесова және Бейбарыс Толымбеков 15 күнге қамалған. Тағы үш жасқа 50 мың теңге айыппұл салынған.
Тұрмысы төмен және көп балалы аналардың 21 мың теңге жәрдемақыға құжат өткізуі неге қиындап кетті? Мәселені шешу үшін парламент мәжілісінің депутаттары не істеп жатыр? Депутаттар пікірі.
Бүгін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9-маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.
9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауын қазақстандықтар онлайн түрде бақылай алмайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілі айтты.
Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуына шамамен бір апта қалса да, әзірге бірде-бір үміткердің есімі белгілі болған жоқ.
Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар наразылық білдірді. 21 мың теңге жәрдемақыға құжат өткізудің қиын екенін айтқан тұрғындар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мәжіліске барды. Олар депутаттарды "дұрыс заң шығармадыңыздар" деп айыптаса, депутат үкіметті кінәлады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапары кезінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электр стансасын салу туралы ұсыныс жасағанын айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапармен барды. Одан қандай нәтиже күтуге болады? Азаттық парламент депутаттарынан сұрап көрді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотында "Настоящее время" арнасының журналисі Светлана Глушковаға қарсы сот басталды.
Қазақстандағы Украина азаматтары Нұр-Сұлтан қаласындағы елшіліктен ашылған сайлау учаскесінде дауыс берді.
Азаттық Нұр-Сұлтан тұрғындарынан «Қазақстан президентінің сайлауы қашан өтуі керек?» деп сұрап көрді.
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Талапкер ауылының тұрғындарын еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Олар "жергілікті билік дер шағында қауіптің алдын алмайды" дейді.
Тағы