Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Шымкент қаласының іргесіндегі Алтынтөбе ауылында полиция жексенбі күні елу шақты тұрғынды ұстап әкетті. Енді оларды әкімшілік жазаға тартпақ. Тұрғындар саяси ұран айтпаған, тек басшысы ұсталған цехты қайта ашуды сұраған.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылды. Биліктен баспана, жәрдемақы талап етіп жүрген тұрғындар "астана әкімі Алтай Көлгінов мәселемізді шешпеді" дейді.
Қазақстанда саяси белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа берді. Олар перзидент пен парламент палаталарының спикерлері сайлау туралы заңға енген өзгеріске байланысты сот алдында жауап берсін дейді.
Ақтөбедегі "КМК Мұнай" компаниясы мұнайшылар талабы орындауға мәжбүр болды. 25 наурыздан бері ереуілге шыққан жұмысшылар ақыры кәсіподақ басшысы етіп өз адамын сайлады.
Президент Тоқаевтың парламентке жолдаған Жер туралы заң жобасын талқылайтын қоғамдық комиссияның жұмысы басталды. Кеңес қаншаға созылары белгісіз. Негізгі меже - жыл соңы. Желтоқсанда бес жыл бұрынғы митингілерден соң бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған мараторий аяқталады.
Семейдегі спорт кешені мен көшеге Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаев есімінің беру ұсынысы жеке басқа табыну емес пе?
Нұр-Сұлтанда былтыр парламенттен қуылған Нұржан Әлтаев оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің басын қосып, жиын өткізді. Шақырылғандардың тізімі ұзақ. Бірақ кеңеске бәрі бірдей қатысқан жоқ.
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғанына бір жыл толғанда, карантин тағы күшеймек. Алматы мен Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Астанада наурыздың жиырма бірінде бір күнге локдаун енгізіліп, қала түгел жабылмақ.
Атырауда азаматтық белсенді Макс Боқаевты қолдап, әр жексенбі сайын митингіге шығып жүрген тұрғындардың бірнешеуі әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл алған. Боқаев пен оның жақтастары "Қазақстанға жаңа конституция керек және билікті парламенттік басқару формасына ауыстыру қажет" деп есептейді.
Қазақстанда ресми түрде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелгеніне, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid індетін пандемия деп жариялағанына бір жыл толды. Былтырғы наурыздан бері вируспен алдыңғы шепте дәрігерлер күресіп жүр. Солардың бірі - 29 жастағы фельдшер Қасым Шынтас.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны ақпан айында басталса да екпе салдырғандар 50 мыңнан аспаған. Үкімет жыл соңына дейін 10 миллион адамды егу жоспары бар екенін айтады. Алайда халық арасында вакцинаны күтіп жүргендерден бөлек жаңа екпеден қауіптенетіндер де көп.
Нұр-Сұлтанда краншылар айлықты көбейтуді талап етіп, ереуілге шығып жүр. Олар жұмыстың аса қауіпті екенін айтады және айлық оған сай емес дейді. Айтуларынша, ереуілге қатысқандардың кейбірі жұмыстан шығып қалған.
22 ақпанда Нұр-Сұлтанда ондаған әйел "Нұр Отан" партиясының бас кеңсесіне жиналып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы мәселесін тағы көтерді. Олар әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуді талап етті. Айтуларынша, қазір мемлекет 10 мың теңге береді және ол ештеңеге жетпейді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде митингіге шығу жеңілдеді деп есептейді. Бірақ Нұр-Сұлтан әкімдігі былтыр түскен 177 өтініштің 10-ына ғана рұқсат берілгенін айтады. Ал митингіге шығып, полициядан қуғын көрген белсенділер "президент сөзі өтірік" деп отыр.
11 ақпанда Еуропа парламенті "Қазақстандағы адам құқықтары жөнінде" қарар қабылдап, онда елде адам құқықтарының мүшкіл жағдайға түскені айтылады. Бұл қарар жайлы қазақстандық депутаттар не дейді?
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған жұрттың үй сапасына көңілі толмайды. Айтуларынша, терезеден суық ұрады, сасық иіс шығады, қабырғадағы плиталар түсіп қалған, лифт те істемейді.
Шымкенттегі ипподром орнына көпқабатты үй салу дауы Нұр-Сұлтанға жетті. Бүгін бір топ қоғам белсендісі Ақордаға келіп, президент атына ашық хат тапсырды. Белсенділер жергілікті әкімдік тұрғындар пікірін елемей, құрылыс компаниясы мүддесін қорғап, ипподром орнына үй салмақ дейді.
Қазақстанда пәтер бағасы тағы қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы жариялаған деректерге қарағанда, орташа есеппен жаңа пәтер құны бір жылда 17 пайыз өскен. Сарапшы бағаның кейінгі бір айда күрт өскенін, оған зейнетақы қорынан ақша алу бастамасынан кейінгі дүрлігудің себеп болғанын айтады.
2019 жылы 4 ақпанда Нұр-Сұлтандағы уақытша баспанада өрт шығып, бір отбасының бес баласы қайтыс болды. Осы оқиғадан соң елде көп балалы әйелдер наразылығы күшейіп, олар биліктен әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етіп келеді. Екі жылдың ішінде билік көп балалы отбасылардың мәселесін шеше алды ма?
Қазақстанда коронавиурсқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын егу басталды. Клиникалық сынақтардың барлық фазасынан өтпей жатып мақұлданған екпеге шетел ғалымдары күдікпен қарайды. Ал Қазақстан билігі батыстың вакциналары елге жақын арада келмейді дейді.
Тағы