Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Ақтөбедегі Қытай компаниясы мұнайшыларының ереуілі үш күн бойы жалғасып жатыр. Жұмысшылардың жалақыны екі есеге көтеруді талап етуі орынды ма? Мәселе қалай шешілуі керек? Парламентте көтеріле ме? Азаттық осы сауалдарды мәжіліс депутаттарына қойды.
Ақтөбе облысында жалақыны өсіріп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылар екінші күн қатарынан ереуілге шығып жатыр.
Нұр-Сұлтан тұрғыны Сәуле Сейдахметова 10 қаңтар, сайлау өткен күні полициядан таяқ жедім дейді. Ол сол күні он күнге қамалып, 20 қаңтарда босап шыққан. Сотталар алдында таяқ жегені туралы арыз жазғанымен, бірақ органдардан жауап жоқ.
Бүгін, 20 қаңтар жаңадан сайланған мәжіліс депутаттарының алғашқы отырысы өтті. Белсенділер мен оппозициялық топтар бұл парламентті "заңсыз сайланды" дейді. Депутаттардың өзі бұған не айтады?
Нұр-Сұлтанда алпысқа жуық әйел Министрліктер үйіне келіп, "Отбасындағы зорлық-зомбылық" туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Көп балалы әйелдер заң жобасын түсіндіруді сұрап, депутаттардың шығуын талап етті. Бірақ парламентке бармақ болған наразылардың жолын арнайы жасақ бөгеді.
Мәжіліске өткен әр депутатқа тапсырылған төсбелгінің құны 303 мың теңге. Нұр-Сұлтанға әр аймақтан келген парламенттің жаңа мүшелері бюджет есебінен қымбат қонақ үйге орналасқан. Қазақстандық кейбір сайт қонақ үй иесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің туыстарымен аттас екенін жазды.
10 қаңтар сайлау күні жақындаған сайын биліктің тәуелсіз бақылаушыларға қоятын талабы көбейді.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Көктал саяжайының тұрғындары электр жарығы қымбаттап кете ме деп алаңдайды. Айтуларынша, сот оларды жаңа жылдан бастап жарық ақысын өзге компанияға төлеуге міндеттеген. Компания өкілі де, жергілікті билік те "мәселенің оң шешімі табылады" деп отыр.
2020 жылы да Азаттыққа әлеуметтік мәселесін, тұрмыс тауқыметін айтып хабарласқан, жәрдем сұраған адам көп болды. Редакция оның бәрін бірдей қамти алмаса да көбін ескерусіз қалдырмады. Арыз-шағымын тыңдап, мәтін түрінде мақала, видео форматында репортаж жариялады. Азаттыққа шыққан материалдарға оқырм
Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері 10 қаңтардағы парламент сайлауын бақылаушылар мен учаскелік комиссия мүшелерінде ковид жұқтырмағанын растайтын анықтама болуы керек екенін мәлімдеді. Науқанға қатысып жатқан партия өкілдеріне де сондай талап қойылған. Бақылаушылар мұны қысым деп отыр.
Қазақстанда азық-түлік тағы қымбаттады. Тұрғындардың сөзінше, базар мен дүкендердегі баға күн сайын құбылады. Олардың сөзін саудагерлер де растайды. Ал үкімет әлемді жайлаған пандемия сауда-саттыққа тікелей әсер еткенін айтады.
Астаналық бірнеше блогерді прокуратура шақырып, "сайлаудан бұрын заңсыз сауалнама жүргіздіңдер" деп ескерту жасаған. Құзырлы органның бұл әрекетін белсенділер саяси науқан алдындағы қысым деп есептейді.
"Ақжол" партиясының үнпарағын таратып, үгіт-насихатымен айналысып жүрген астаналық белсенділер партия олардан айнып қалғанын айтады. Ал депутат Азат Перуашев басқаратын ақжолдықтар бұл адамдарды шетелдегі оппзиционер Мұхтар Әблязовтың жақтасы деп отыр.
Парламент сайлауы қарсаңындағы партия жетекшілерінің дебаты жаңа жылдық мерекеге бір күн қалғанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы пікірсайысты 30 желтоқсанға белгіледі және қатысушыларды экономика мен әлеуметтік мәселе төңірегіндегі екі тақырыптан ауытқымауға міндеттеді.
Нұр-Сұлтан тұрғыны, жиырма тоғыз жастағы әйелдің өлімінен кейін қазақстандықтар отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресті күшейтуді биліктен талап етіп жатыр. Биіктен құлап қаза болған келіншек бұған дейін әлеуметтік желіге жазып, полицияға барып, "күйеуім ұрып-соғады" деп шағымданған.
Қазіргі депутаттар арасында келесі сайлауға кандидат болып тіркелмегендер көп. Олар өздерін тізімге қоспаған партиялары туралы не дейді?
ЕҚЫҰ 10 қаңтарға жоспарланған парламент сайлауына бақылаушы жіберді. Ондаған адам елдің әр өңіріне барып, саяси науқанның дайындығын, сайлау күні кімнің қалай дауыс беретінін бақылайды.
Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылардың міндетіне байланысты жаңа қаулы қабылдады. Құжатта бақылаушылар арнайы рұқсат алмаса, сайлау учаскелерінен фото-видео түсіріп, онлайн трансляцияға шыға алмайтыны жазылған. Тәуелсіз бақылаушылар мұны заңға қайшы әрекет деп санайды.
Нұр-Сұлтанда құқық қорғаушы, азаматтық белсенді Болатбек Біләлов 25 қараша күні өзін үйінен ұстап әкеткен полицейлердің үстінен арыз жазды.
Нұр-Сұлтанда 20 шақты әйел парламент ғимаратының алдына жиналып, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге ашық хат жолдады. Олар мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға тегін баспана беруді талап етті.
Тағы