Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызда Алматыда әкімдік келісімімен өткен әйелдер шеруін сынап, үкіметке сауал жолдады. Ол "шеру тәртібі басқа арнаға бұрылды, оның заңдылығын тексеру керек" дейді. Феминист "депутат жұртты азшылыққа қарсы қылмыс жасауға итермелеп отыр" деп санайды.