Алматының "Рахат" базарында 250-дей кәсіпкер наразылыққа шықты. Олар әкімдік базарды бұзып, жерін жиһаз фабрикасын салу үшін басқа компанияға берді деп айыптайды. Қаулыға бұрынғы әкім, қазір "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек қол қойған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жерінің бір бөлігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігіне өткен. Ол жерде құрылыс басталып, бизнес орталық салынбақ. Азаттық даулы жерге тағы барып қайтты.
Азаттық радиосының редакциясы үшін орны толмас қаза. Қыстың соңғы күні әріптесіміз, Азаттықтың ең үздік авторларының бірі Қазис Тоғызбаев өмірден өтті. Таныстары оны нағыз полковник дейтін, себебі ол журналистикаға Қорғаныс министрлігінен кеткен соң келген еді. Әріптесіміз өз ісінің маманы болды, ке
Желіде қолданушылар алғыс айту күнін, жексенбіде Алматыда полиция құрсауында қалған митингі мен Борат - 2 фильмінің жүлде алғанын талқылады.
28 ақпанда билікке қарсы наразылық білдіріп, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдына жиналған шағып топ арнайы жасақтың құрсауы мен полицияның күш көрсетуінен бөлек, белгісіз адамдардың айыптауына тап болды.
28 ақпанда Алматыда полиция бейбіт митингіге жиналған белсенділерді кеттлингке алып, кейбінін ұстап әкетті. Наразылыққа келгендер биліктен саяси себеппен қамауда отырғандары босатуды, президенттіктен кетсе де, билікке әсер етіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың орнынан толық кетуін талап етті.
28 ақпанда, Қазақстанда билікке қарсы бейбіт митинг өтетін күні, полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа қалаларда күзет күшейтіп, наразылыққа шыққандарды "кеттлингке" алды, ұсталғандары да бар.
Қазақстанның бірқатар ақын-жазушысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа диссидент, ақын Арон Атабекті босату сұрап, ашық хат жазды. Ол Алматыдағы Шаңырақ оқиғасынан соң сотталып, 15 жылдай уақыт түрмеде отыр. Құқық қорғаушы Аронның екі қолы көтерілмей қалғанын айтады.
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған белсендінің бірі, 2018 жылы терроризм айыбы бойынша сотталған Алмат Жұмағұловты сот мерзімінен бұрын босатпады.
Желіде көшеде ілінетін көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде де жазуын және қазақша мәтінде қате болмауын міндеттейтін заңды талқылап жатыр
Қазақстанда сот "экстремист" деп таныған ҚДТ мен "Көше партиясы" қозғалыстарына қатысы бар делінген белсенді Қанат Жақповтың ісі қарала бастады. Адвокат "қылмыстық іс негізсіз қозғалған" дейді.
Желіде боксшы Ермахан Ибрайымовтың Қазақстандағы кедейшілік жайлы айтқан пікірін талқылап жатыр.
Қазақстандағы адам құқығына қатысты қарар қабылдаған Еуропарламент есебінше, елде 26 саяси тұтқын бар. Оның бірі Макс Боқаев бостандыққа шыққан. Қалған 25 адам әлі қамауда. Оның бәрін босатып алу керек деген қазақстандық белсенділер мен құқық қорғаушылар арнайы комитет құрды.
Полиция жасағының 10 қаңтар күні сайлауға қарсылық білдіргендерді 10 сағатқа жуық қоршап алып, ешқайда жібермей қоюын прокуратура заңсыз әрекет деп есептемейді.
Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы қазақ халқының жартысына жуығы қырылған ашаршылықты сенат спикері Мәулен Әшімбаев "саясиландырмаған жөн" деді. Желі Әшімбаевтың осы сөзін талқылады.
Желіде Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаевтың кеңесшісі мінген көліктің Киевте жол ережесін бұзғанын және Нұр-Сұлтанда кранмен көтерген сиырды талқылады.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы Бөкен Жұмағали өзін "қарабет" деген белсенділер үстінен арыз жазып жатыр. "Қаһарман" құқық қорғау ұйымының дерегінше, қазірге дейін кемінде төрт азаматтық белсендінің полковник арызынан соң "жала жабу" бабымен сотқа тартылғаны белгілі.
Үш жылдан аса абақтыда отырған белсенді Кенжебек Әбішевтің абақтыдан ерте босап шығуына Алматы облысының прокуратурасы қарсы болды. Ақпанның басында Қапшағай соты оның түрме жазасын шартты жазаға ауыстырған еді.
Желіде Жоғарғы сот судьясының 8 мың доллар пара алып ұсталғанын талқылады.
Алматыда оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. 11 ақпанда бір топ адам мемлекет қайраткері, оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының зиратының басына гүл қойып, марқұмның әруағына құран бағыштады.
Тағы