Путиннің жолдауы, сарбаз өлімі, "Төзбе" қосымшасы – 21 ақпан
Ресей президенті халыққа жолдау арнады. Батысты сөгіп, Украина билігін "неонацистер" деп айыптаған сөзіне қарағанда, соғыс жақын арада тоқтамайды. Жамбыл облысындағы шекара заставасында суицид жасаған сарбаздың оқиғасында "сексуал зорлық-зомбылық жоқ" деді бас әскери прокуратура. Күдіктінің де, марқұмның да адвокаты қадағалаушы орган мәлімдемесіне келіспейді. Алматыда оқушылар тұрмыста зорлық-зомбылыққа ұшырайтындарға арналған "Төзбе" қосымшасын таныстырды. Жаңалықты заңгер жақсылыққа балап отыр. Түзету: видеоның 05.45 минутында айтылған марқұмның аты-жөні – Аслан Уәлиев