Депутатты аластау, парламенттің тарауы, журналиске қысым
Қазақстан президенті парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарды таратты. Кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді. Парламентте екі жыл отырған жетінші шақырылым несімен есте қалды? "Ақ жол" партиясы Ресей президентін және Украинадағы соғысты қолдайтын мүшесін қатардан шығарды. Ұйым "депутат Азамат Әбілдаевтың пікірі біздің ұстанымға қайшы" дейді. Журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне әлдекімдер желім жағып кеткен. Ол мұны кәсіби қызметімен байланыстырады. Журналист құғын қорғаушылар тәуелсіз тілшілерге қысым күшейгенін айтады.