Тоқаевтың "Елбасын" жоюы, Киевтегі киіз үй
Қазақстан парламенті "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заңның күшін жоюды мақұлдап, президентке жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді құптай ма? Украина астанасында қазақстандық еріктілер тағы бір киіз үй тікті. Киев жұрты 16 қанатты үйде жылынып, шай ішіп, телефонын қуаттай алады. Ал елдегі соғыс әлі жалғасып жатыр. Өзбекстан азаматтары Астанада жұмыс берушілер паспортын алып қойып, аз ақыға көп жұмыс істеткеніне шағымданды. Қазақстандық кәсіпкер Азаттық сауалына жауап беруден жалтарды. - Екібастұз қаласының жылу орталығынан тағы да ақау шықты. Станция жылу қайта беріліп жатыр дейді. Тұрғындар үйлері суып кеткенін айтады.