Президентке талап, белсендіге араша, БАҚ туралы жаңа заң
Маңғыстау облысы Жетібай кентінің тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, жұмыссыздық мәселесін көтерді. Облыс әкімдігі жұрт мәселесін он күнде шешуге уәде берді. "Әуежайды басып алды" деген айыпқа іліккен журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанға жақтастары араша түсті. Бас прокурор оны "діни экстремистік ұйым мүшесі" деп атаған. Қазақстан билігі журналистер жұмысын реттейтін жаңа заң жобасын талқылауға шығарды. Сарапшылар жаңа заңнамада еркіндіктен гөрі бақылау басым дейді. Ресей ядролық қаруды одан әрі дамытпақ. Ал Бразилияда президент сарайын басып алғандар қамалып жатыр.