Моңғолиядағы наразылық, Екібастұздағы ахуал, киноматографтардың үндеуі
Екібастұз қаласында жылу берілмеген әлі бірнеше үй бар. Апаттың шығынын комиссия анықтайтынын, оны жылу орталығының қожасы өтейтінін айтады жергілікті билік. Қазақстан үкіметі "Еуразия" кинофестиваліне бөлген 495 миллион теңгені кино саласына қатысы жоқ компанияға берді деп сала мамандары үндеу жолдады. Моңғолияда жемқорлыққа қарсы халық наразылығы әлі басылмады. Қақаған суықта жұрт үкімет үйінің алдына тағы жиналып, күдіктілерді қатаң жазалауды талап етті.