Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Астанадағы мектептердің бірінің оқушыларының әке-шешелері ол мекемеде бала көптігін, орын тарлығын айтып наразы болды. Елдегі білім нысандарының құрылысына арналған бүгінгі үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мектептердің уақытында тапсырылмай жатқанын сынады.
Көкпардан Астанада өткен бірінші әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Қырғызстан құрамасын 4-1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Ақмола облысы Целиноград аудандық сотында «Преображенское су торабын реконструкциялау кезінде мемлекет қаржысын жымқырды» деп айыпталған алты адамға үкім шықты.
Өткен апта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Латынға өту – орыс тілінен, кирилл қарпінен бас тартуды білдірмейді. Қазақстанның орыстілді азаматтарына кириллица сақталады» деді. Қос әліпбидің қатар қолданылуы жайлы Азаттық астаналықтардан сұрап көрді.
АҚШ-та қазақша үйренген Крис Риз бен Габриэль Макгауйер Қазақстан астанасында қазақша сөйлесуге адам таппай қалатындарын айтады. Олар жергілікті халықтың шетелдіктермен орысша сөйлесу әдетін байқаған.
Астанада қыста жолаушылар тоңбау үшін 27 "жылы аялдама" салынған. Қала тұрғындары олардың жазғы жағдайына разы емес. 15 тамыз 2017 жыл.
Қазақстан білім және ғылым министрлігі мемлекеттік грант иегерлерінің "қосымша тізімін" жариялады. Оған бір жарым мыңға жуық адам кірген. Бұған талапкерлердің ашынған ата-аналары министрлікке барып, шенеуніктермен кездескеннен кейін қол жетті. Ал гранттан қағылған мектеп түлектері министрлікке әлі барып жүр.
Тамыздың 1-інде Қырғызстан президенттігіне кандидаттар ұсыну аяқталды. Осы кезге дейін президент сайлауына түсуге өтініш берген адам саны 50-ден асқан. Олар президенттікке шынайы кандидаттар ма, ал көрші елдерде "демократияның бұлайша салтанат құруы" неліктен екіталай?
Қазақстанда Астана күнін мерекелеп жатыр. Ол қаланың тұрғындары мен қонақтары бұл мейрам жайлы айтқанда президент Назарбаевты да сөз етті.
Маусымның 30-ынан бастап парламент демалысқа кетті. Азаттық тілшілері астаналық тұрғындар арасында «Бір жылда депутаттар қандай жұмыс атқарды?» деген сұрақпен сауалнама жүргізді.
Астанада 37 тұрғын бес жылдан бері пәтерлерінің құжаттарын ала алмай жүр. Олардың баспаналары мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің коммерциялық мақсаттағы алтыншы және оныншы қабатында орналасқан.
Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында германиялық қазақ Өмірхан Алтын "Қытайдың Шыңжаңындағы қысым көрген қазақтар" туралы айтты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ол туралы бейхабар екенін айтып, сыртқы істер министрлігіне тапсырма беруге уәде етті.
Азаттық тілшісі Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қазақстанға көршілес Орталық Азия елдері - Түркіменстан мен Өзбекстан павильонын көруге барды.
Украинаның Қазақстандағы елшілігі Астанада экспозицияға қойылған Украина картасында Қырым түбегінің көрсетілмеуіне байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Министрлік "мәселені саясиландырмауға" шақырды.
Бүгін Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде Тәжікстанның ұлттық күні өтті. Орталық Азия өзендері бастауларының 60 пайызы орналасқан ел не ұсынды және көрмеден не күтеді?
Астанада ЕХРО-2017 көрмесі жұмысын бастады. "Болашақтың энергиясы" тақырыбына арналған көрме үш ай жалғасады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитінде "бүгін Үндістан мен Пәкістанға бұл ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру жөніндегі шешімге қол қоятындарын" хабарлады.
Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан мен Пәкістан мемлекеттерінің мүше-мемлекет мәртебесін алғанын мәлімдеді. Бұрын алты мүшесі болған бұл ұйымның мүше елдерінің саны енді сегізге жетті.
Қазақстандық қытайтанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы Астана мен Пекиннің саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуының себебін түсіндірді.
БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, қазір шетелде тұратын оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов "БТА банкіндегі қаржы жымқыру" ісі бойынша сырттай 20 жылға сотталды. Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарының осы үкім туралы пікірлерін білді.
Тағы