Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
БҰҰ бастамасымен 25 қараша мен 10 желтоқсан арасы "Зорлықсыз 16 күн" деп жарияланған.
Қазақстан билігі жаңа жылдан бастап электр қуаты, жылу сияқты коммуналдық қызмет тарифтерін арзандату жоспарын жариялады.
Жеке сот орындаушылары аукциондық алым жинау талабын жоюды сұрады. Борышкердің мүлкін сатып, пайда табатын қызметкерлер "халықтың пайдасына жұмыс істейміз, бюджетті толтырамыз" дейді.
Еуразия экономика одағына мүше елдер экономикадан басқа салалар бойынша интеграцияны күшейтуі мүмкін деген сыбысты бірнеше министр мен депутат жоққа шығарды. Кейбір саясаткер Ресейдің Қазақстанға ықпалы күшейіп бара жатыр деп алаңдайды.
Астанадағы «Алтын Алқа» иелері телефоннан WhatsApp чат ашып, бір-біріне материалдық тұрғыда көмектесіп тұрады. Үш жыл бұрын ашылған чаттың арқасында он шақты көп балалы ана көп көмек көргендерін айтады.
Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық форумы сегіз күннен соң СҚО-да басталмақ. Петропавлда саммит өтетін негізгі нысан әлі ашылмаған. Есесіне, Ұлыбританиядан сатып әкелінген робот "президенттерді күтіп алуға дайын".
Астанадағы ұлттық пантеонда жерленуге құқылы адамдар тізімі толықтырылды. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Ұлттық пантеон туралы ережеге қазанның жиырма алтысындағы Үкімет қаулысымен өзгерту енгізілген. Бұл қаулы әзірге үкімет сайтында жарияланбапты.Пантеонда кім жерленеді? Мола құрылыс қал
Қазанның 31-і күні өткен Қазақстан мәжілісінің жалпы отырысына елдің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та қатысты. Әдетте ресми сауалдарын хатпен жолдайтын депутаттар бұл жолы премьер-министрден жауаптарды бірден ауызша алып отырды.
Қазақстанның күштік құрылымдарына төтенше жағдай кезінде интернет пен байланыс құралдарын бұғаттауға мүмкіндік берілді. Осыған байланысты 28 қазанда Үкімет қаулы шығарды.
Мәжілісте өткен үкімет сағатында комсомолдың 100 жылдығын атап өтуге қатысты депутаттар пікір таластырды.
Комсомолдың 100 жылдығын атап өтуге қатысты депутаттардың пікірі екіге жарылды.
Қазақстанда иесіз үй жануарларын қорғау қалай жүзеге асады? Азаттық тілшілері осы және басқа да сауалдарға жауап іздеп көрді.
Астанада «Жастарға инвестиция» атты халықаралық конференция ашылды. Қала көшесіндегі жас тұрғындар жұмыс табудың қиындығын айтады.
Былтыр Қытай этникалық қазақтарға қысым көрсете бастағанда Қазақстанға көшіп келген астаналық тұрғын Азаттыққа хабарласты. Оның сөзінше, Қытай билігі сол жақтағы білім саласында жұмыс істейтін жұбайын бері қарай жібермей отыр.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз" зымыраны апатқа ұшырағанда жерге 22 тонна керосин мен оттегі төгілген. Бірақ Қазақстан жеріне ешқандай залал келмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары айтты.
"Астана іргесіндегі Қараөткел ауылындағы нөмірі 69-мектепте балаларға сапасыз әрі аз тамақ береді". Бұл туралы осы жылдың басында аталған мектепте бір айға жуық жұмыс істеген аспаз айтады. Ал оның бұрынғы әріптестері "бұл сөз - жалған" дейді.
Қазақстандағы мүгедектігі бар жандарды қамқорлыққа алу жүйесі өз бетінше жұмыс істей алатын азаматтардың құқығын шектейді. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген "Amnesty International" халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілдері айтты.
Астанада бір топ үлескер тұрғын үй құрылысына салған қаражаттарын қайтара алмай жүр. Бүгін олар «Жағалау» көп қабатты үйін салып жатқан құрылыс кооперативінің кеңсесіне тағы барды.
"Азбука жилья" құрылыс компаниясының жетпіс шақты үлескері Астана қалалық әкімдігіне келді. Бұл жолы бірнеше жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүрген үлескерлер қаланың жаңа әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесуді талап етті.
Қалалық әкімдікке қарасты "Астана ЛРТ" компаниясы алты қалааралық жолды таңғы 7 мен 9 аралығында ақылы етуге ұсыныс жасаған.
Тағы