Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған тұрғындар «үйіміз құлағалы тұр» деп шағынды. Жұртшылықтың сөзінше, баспанаға көшіп келгелі маза жоқ. Бірі терезе салса, енді бірі құбырларды ауыстырып әлек.
Нұр-Сұлтанда "Астана Опера" театрының алдына бір топ әйел жиналып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды. Олар президенттен баспана мәселесін шешуді талап етті. Бұл уақытта театрда Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы өтіп жатқан. Жиында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев та отырған.
Мәжіліс депутаттарының пікірі
Human Right Watch құқық қорғау ұйымы "Қазақстанда президент ауысқанымен жағдай өзгермеді, керісінше оппозицияны қудалау күшейіп, шеруге шыққандарды қамау, журналистерді ұстау толастамады" дейді. Есепке байланысты депутаттар пікірі.
Алматыдағы ұшақ апатын тергеген комиссия алдын-ала қорытындысын жариялады. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған комиссия мүшелері “негізгі себептің бірі - ұшаққа мұз қатып қалу” дейді.
Азаттық Радиосы журналистерінің жұмысына 2019 жылы кедергі көп кезікті. Билікке қарсы митингілерден хабар тарату кезінде тілшілерге түрлі шабуыл жасалды.
2019 жылы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде бірқатар өзгеріс болды: елде президент ауысты, әлеуметтік наразылық күшейді, саяси қозғалыстар көбейіп, ұлттық сенім кеңесі құрылды. Азаттық пікірін білген бірнеше белсенді 2019 жылды қысқаша қорытындылады.
Нұр-Сұлтанда ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Бірінші отырыста екі сағатқа жуық кеңескендер екінші отырысты бір сағаттан көп асырмады. Уақыттың басым бөлігі президент баяндамасына арналды.
18 желтоқсанда Ақордаға бармақ болып, полиция тосқауылына тап болған бір топ әйелді 19 желтоқсанда билік өкілдері қабылдады. Бірнеше министрлік пен әкімдік қызметкерлері олардың шағымын тыңдап, жауап берді. Әйелдер әр түрлі талап айтты. Солардың арасында көбіне ортақ мәселе - баспанамен қамту.
2011 жылдың 16 желтоқсанында болған Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылды ма? Оған кім жауапты? Осы сауалды парламент мәжілісінің депутаттарына қойған едік.
16 желтоқсанда полиция Нұр-Сұлтанда Ақордаға бармақ болғандарды ұстады
Қазақстанда "Жастар жылы" аяқталып, "Еріктілер жылы" басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ел болашағы жастардың қолында, азаматтық позициясын ашық айтатындарға әрдайым қолдау бар" десе де белсенділер қысым көрген жастардың аз емесін айтады.
Жаңа жылдан бастап жәрдемақы мен атаулы көмек қалай төленеді?
ҰҚК Қытайдан Қазақстанға "шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қытайға қайтарылады деп мәлімдеді.
Қазақстанда қала аралық жолдардың бойына күні-түні ашық тұратын дәретхана салына бастады. Бір дәретхананың құны – 23 миллион теңге (шамамен 60 мың доллар). 2022 жылға дейін үкімет тағы 304 дәретхана салуды жоспарлап отыр. Билік өкілдерінің сөзінше, қаражатты жеке инвесторлар бөлген.
Неміс телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қытайдың қайта тәрбиелеу орталықтарында бірен-саран ғана этникалық қазақ отырған болар" деді. Бұған мәжіліс депутаттары не дейді?
Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар және сайлау туралы заңға өзгеріс енгізу үшін референдум өткізуді ұсынған бастамашыл топтың ұсынысын қабылдамады. Сайлау комиссиясы кворум жиналмады және азаматтардың жеке мәліметі дұрыс көрсетілмегенін алға тартады. Ал бастамашыл топ шешіммен келіспейді.
21 қарашада Қазақстанда мемлекеттік барлық орган басшылары халықты қабылдады. Сот үкімдерінің заңсыз екенін айтып жүрген белсенділер осы мүмкіндікті пайдаланып бас прокурорға кірмек болды
Қытаймен арадағы шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстанға келген этникалық қазақтарға мемлекет қаншалықты көмектесіп, қорғауына алып отыр? Депутаттар пікірі.
Нұр-Сұлтандағы автокөлік дөңгелегін өңдейтін жалғыз зауыт жұмысын тоқтатты. Кәсіпорын басшылығы бизнестің жүрмеуін «Өндірушілердің кеңейтілген міндеті» дейтін жекеменшік компаниядан көреді.
Тағы