Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Нұр-Сұлтанда бір топ үлескер әкімдік алдына жиналып, тағы да шағым айтты. Сұрап жүргендері – өзгенің емес, өз үйі. Сегіз жыл бұрын ақысын төлеп қойған баспанаға әлі қол жеткізе алмаған тұрғындар "әкімдік қайда қарап отыр" дейді.
17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда бір топ үлескер жиналып, ақшасын толық өтеп қойған үйлерін талап етті. Айтуларынша, о бастағы келісімде құрылыс екі жыл бұрын аяқталуы керек еді. Бірақ үйді салып жатқан "Алтын Шар" құрылыс компаниясы "жұмыс биыл да бітпейді.
Құқық қорғаушылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан парламентті реформалауды сұрайды. Депутаттар не дейді?
Қызылорда қаласынан 10 шақырым жердегі "Сабалақ" саяжайының тұрғындары әлі күнге тамақты ошаққа пісіреді, Сырдарияның суын тасып ішеді. Жеті мыңға жуық халқы бар саяжайға электр жарығы да, газ да тартылмаған.
Ақтөбеде бір топ саудагер демалыс күндері базарды жаппауды талап етіп, шағым айтты. Олардың сөзінше, басқа кезбен салыстырғанда сенбі-жексенбі күндері сауда жақсы жүреді.
Қазақстанда жаңа оқу жылы енді басталса да, қашықтан оқуға арналған платформалардың жұмысына шағымданушы көп. Оқушылар мен ата-ана, ұстаздар мұны интернеттің әлсіздігімен байланыстырады. Азаттық бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғариден сұрап көрді.
Жекеменшік Астана университетінің студенттері «сабақ әлі басталмағанын, мұғалім жоғын» айтып шағымданады және "оқу орны жабылса дипломсыз ба қаламыз" деп алаңдайтынын да жасырмайды. Білім министрлігі өкілінің сөзінше университеттің лицензиясына байланысты дау бар.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер тағы да министрлік алдына келіп, әрбір оқушының киім алуы үшін берілетін 40 мың теңге көмекті сертификат түрінде емес, ақшалай қолға ұстатуды талап етті. Олар сертификатпен киім беретін дүкендердегі тауар бағасы базармен салыстырғанда қымбат екенін айтады.
Қазақстанда коронавирус пандемиясы өршіп, науқас көбейген тұста ауруханаларда дәрігерлерге көмек қажет болды. Атырау облыстық ауруханасында ақысыз жұмыс істеген еріктілер Азаттыққа бірнеше айда не көргенін, қандай күй кешкенін айтып берді.
8 тамыз күні Нұр-Сұлтан іргесіндегі Талапкер ауылында биыл ақпанда полиция тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің асы өтті. Оның үйінің айналасын полиция жасақтары мен автобустары қоршап тұрды. Бірақ ешкімді ұстамады, ешкімге тиіспеді.
Індетпен күрескен атыраулық дәрігерлердің әңгімесі.
2016 жылы Атырау қаласында жер митингісін ұйымдастырғаннан кейін сотталып, кейін босап шыққан белсенді Талғат Аян өзімен бірге сотталып, әлі күнге дейін түрмеде отырған белсенді Макс Боқаевтың жағдайы, Қазақстандағы саяси өмір және өзге мәселелер жайлы ойын бөлісті.
Атырау коронавирус пен пневмония дерті өршіген аймақтың бірі. Қала аурулар саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар алғашқы үштікте тұр. Азаттық тілшілері Атырау облыстық ауруханасына барып, ондағы ахуалды көрді.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі карантинді жеңілдетуді ұсынды. Ұсынысты коронавируспен күрес комиссиясы мақұлдаса базарлар толық ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастайды. Елде COVID-19 сексен бес мыңдай адамнан анықталған.
Нұр-Сұлтанда ақшасын төлеп қойса да он жылдан бері үйіне кіре алмай жүрген тұрғындар наразылық білдірді. Құрылыс компаниясы 2010 жылы 12 қабат үйді бір жылда салып бітіруге уәде еткен. Бірақ сол уәде әлі күнге орындалмаған. Әкімдік құрылысқа жауап бермейтінін айтады.
Қазақстанда құқық қорғаушылар мен журналистер депутаттарды іздейді.
Нұр-Сұлтанда бірнеше бала ерткен екі әйел биліктен көмек сұрап, министрлер үйінің алдына барды.
Қазақстан үкіметі карантин кезінде мұқтаж жандарға (өзі мүгедек немесе мүгедек бала бағып отырған, жұмысы жоқ адамдар) 5556 теңге төлемек.
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 100-ге жуық тыныс алу аппараттын жолдамақ. Сарапшы қиын шақта әр ел бір-біріне көмектесуі керек деп санайды.
Қазақстан үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты карантинді ұзартты және табысынан айырылғандарға 42 500 теңге төлемек. Тұрғындар ақшаның аз екенін айтады.
Тағы