Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Владлен Татарский атымен танымал кремльшіл әскери блогер кафедегі жарылыстан қаза тапты. Жарылыстан зардап шеккендердің саны 30-дан асқан. Бұл оқиға бойынша "адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа айып тағылды. Сот ол 2016 жылғы президент сайлауы алдында порноактрисаға төсек қатынасын жасыру үшін ақша төлеген кезде жалған құжат жасаған дейді. Трамп айыпты мойындамайды. Республикашыл конгрессмендер істің саяси астары бар деп болжайды.
Азаттық Қазақстанның бірнеше өңірінде жұрттан "Мәжілістің жаңа құрамы көңіліңізден шықты ма? Сайлау қорытындысына разысыз ба?" деп сұрап көрді.
Парламентті сайлауда бақылаушы болған Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі сайлау әділетсіз өтті деп, пикетке шықты. "Сайлаудағы заңсыздықтарды өз көзіммен көрдім" деген ол бұған көз жұмып отырған билікке наразы.
Қарағанды облысы Ақтас ауылында сайлау жәшігіне бюллетеньдерді топтап тастаған екі мұғалімге айыппұл салынды. Сол учаскеден сайлауға түскен кандидат комиссия мүшелерін қылмыстық жауапқа тартуды талап етеді.
Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілігі сайлау қарсаңында жатақханада тұратын студенттердің дерегін сұрап, студенттерді дауыс беруге міндеттеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Masa Media басылымына бірнеше студент кураторлармен сөйлескен чаттың суретін жіберген.
Ақтөбе облысында Қобда ауылын су алды. Апат аймағына барған Азаттық тілшісі он шақты ғимарат құлағанын көрді. 100 шақты адам эвакуацияланған. Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің "ешбір елді мекенді су баспайды" деген мәлімдемесінен бірер сағат өткен соң, тасқын басталған.
Мәжіліс және мәслихат сайлауына 13 күн ғана қалды. Дегенмен сайлауға түсетін кандидаттар саны әлі нақты белгісіз. Өйткені орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен өткен кейбір азамат "салық декларациясын дұрыс толтырмады" деген желеумен кандидаттар қатарынан шығып қалып жатыр.
Алматыда бір топ жас жапон анимесін қазақ тіліне дубляждаумен айналысып жүр. Олар "қазақ тілін осылай әйгілегіміз келеді" дейді. Дубляж актерлері – 17-26 жастағы жастар. Топ жұмысқа керек қаржыны көрерменнен жинайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан әдеттегідей қалыс қалғандар қатарында. Бұл – Қазақстанның Ресейді айыптайтын резолюцияларға дауыс беруде төртінші рет қалыс қалуы. Бір жыл ішінде Ақорданың соғысқа қатысты ұстанымы қандай болды?
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жалғамыс ауылының тұрғындары кейінгі 10 жылдан бері толарсақтан саз кешіп, тобығынан лайға батып жүр. Округ әкімдігі "асфальттың ауылы алыс екенін" айтады.
Қаңтар оқиғасынан кейін қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп, үйқамақта отырған екі адам – Әйгерім Тілеужан мен Қосай Маханбаев сайлауға қатысуға рұқсат алды. Тілеужан мәжіліс, Маханбаев мәслихат депутаттығынан үмітті.
Наурыз мейрамы қарсаңында қазақстандық еріктілер "Қоржын" акциясын бастады. Олар бір жылдай уақыттан бері соғыс қажытқан халыққа гуманитарлық көмек жолдамақ. "Қоржын" ішінде қазақтың ұлттық тағамдары да бар.
7 ақпанда Тараз қаласында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған тоғыз адамға үкім оқылды. Оның бесеуі – марқұм, төртеуі тірі. Төрт адам да айыпты мойындамады. Марқұмдардың туыстары сот әділ өткен жоқ дейді.
Қолындағы Қытай паспортын қидырып, Шыңжаңдағы тұрақты тіркеуін өшіру үшін қандастар Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында қонып жүр. Сөздерінше, кезек өте баяу жылжиды. Консулдық Азаттыққа жауап бермеді.
Алматыда бір топ адам Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға арнап көрпе-жастық тігіп жатыр. Алдағы дүйсенбі күнге дейін екі мың көрпе, тағы екі мың матрац тігіп жөнелтпек.
Тараз қаласында былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Исатай Донбаев 46 жаста еді. Артында үш баласы мен бауырлары қалды. "Басына барып, дұға жасаудан басқа амал жоқ" деген әпкесі кейінгі бір жылда інісін ақтап алуға тырысып келеді.
23 қаңтарда Атырау қалалық сотында журналист Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл бойынша іс қарала бастады. Тілшіні соққыға жыққан 23 жастағы азамат бұзақылық бабымен айыпталып отыр. Вертинская бұл шабуылды кәсіби қызметімен байланыстырады.
Алматының аспанын кейінгі күндері түтін басып тұр. Бұған дейінгі көрсеткіш те жақсы емес. Бірақ экологтар кеше қалада ластану деңгейі 400 микрограмнан асып кеткенін айтады. Бұл әлемдік нормадан 15 есе көп.
19 қаңтарда журналист Вадим Борейко пәтерінің есігіне белгісіз біреулер желім жағып кеткенін хабарлады. Бұл — жыл басынан бері журналистерге жасалған бесінші шабуыл. Медиа өкілдері тәуелсіз тілшілерге қысым күшейгенін жазып, биліктен бейтарап тергеу талап етіп жатыр.
Тағы