14 қараша күні Алматы облысы Шамалған ауылында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың жаназасы оқылды. Оның денесі ауылдағы Назарбаевтар әулетінің қорымына жерленген. Азаттық журналистерін полиция мен күзет қоштасу рәсімі жасалған аумаққа өткізбеді.
Болат Назарбаев 13 қарашада Алматы ауруханасында қайтыс болды. Ағасы билікте отырғанда оның байлығының есебі болмады. Қалай байығаны да жұмбақ еді. Билікшіл басылымдар Болат Назарбаевтың "мұқтажға көмектесетін меценат" образын қалыптастыруға тырысты.
Алматы соты белсенді Назым Табылдиеваның бас бостандығын бір жарым жылға шектеді және бес жыл қоғамдық-саяси іспен айналысуға әрі бес жыл "желіде жазба жариялауға" тыйым салды. Белсенді бұл үкіммен келіспейді.
Назарбаевтың немере інісі - Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған сарайлар мен бизнес нысандар маңындағы қазіргі ахуал қандай? Жемқорлыққа қарсы агенттік "мемлекетке өтті" деп видеосында көрсеткен әдемі ғимараттың құрылысы бітпеген, бірінің иесі "ешкім мемлекетке мүлкін берген жоқ" деді.
Қазақстанда 5 қарашада 42 аудан, 3 облыстық маңызы бар қалада әкім сайлауы өтті. Ақорда бұл сайлауды елдің саяси процесін демократияландыру және азаматтарды мемлекетті басқару ісіне араластыру деп атаған.
Қазақстанда құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған саясаткер Нұржан Әлтаев пен белсенді Марат Жыланбаевтың сот істері жабық қаралып жатыр. Бұған құқық қорғаушылар, заңгерлер қарсы. Азаматтық қоғам өкілдеріне байланысты істерді жабық талқылауды мәжіліс депутаты да қабылдай алмайды.
Қазақстан билігін сынап, видеолар жариялайтын "Бәсе" Youtube-арнасының авторларына іздеу жарияланды. 23 қазанда ерлі-зайыпты Садықовтардың үстінен "әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздықты қоздырды" деген айып тағылғаны белгілі болды.
Алматыда жергілікті белсенді Назым Табылдиева әлеуметтік желідегі пікірлері үшін «жалған ақпарат таратты» және «билік өкілін қорлады» деп айыпталып, жауапқа тартылып жатыр. 19 қазан күні алғашқы отырыс өтті. Белсенді айыпты мойындамайды.
Алматыда тұратын қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбайдың Өзбекстандағы туыстарына полиция барған. Ол Варшавадағы адам құқығы жиынында Ташкенттің қарақалпақтарға қатысты саясатына сын айтқаны үшін өзіне қысым болып жатыр дейді. Мұратбайдың бұл сөзін Өзбекстан елшілігінің өкілі жоққа шығарды.
Қуғындағы банкир, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов митинг белгілеген дата жақындағанда Тик-ток желісінде оған қарсы насихат күшейді. Олар 25 қазанда елді үйден шықпауға шақырады. Белсенді мұндай жазбаны биліктің контрпропагандасы болуы мүмкін деп болжайды.
12 қазан күні Алматыдағы Жазушылар одағында белгілі театр режиссері, оппозициялық саясаткер Болат Атабаевты еске алуға арналған конференция өтті. Жиында естеліктер жинағы таныстырылып, арнайы қойылым көрсетілді. Конференцияға билік өкілдерінен ешкім келген жоқ.
Израиль Газа секторын зымыранмен атқылауды әлі жалғастырып жатыр. Бейбіт тұрғындар зардап шеккен. Газа секторын бақылайтын ХАМАС радикал тобы "Израиль тұрғын үйлерге ескертусіз шабуылдаған сайын олардың тұтқындағы адамдарын өлтіріп отырамыз" деп мәлімдеді.
Қаңтар қырғыны кезінде өртенген Алматы әкімдігінің ғимараты таяу күндері пайдалануға берілмек. Әкімдік мәліметінше, ғимараттың төрттен үші жөнделіп біткен. Құрылысқа 17 млрд 147 млн теңге жұмсалды. Тендерді қалалық мәслихат депутаты Әміржан Нәбиевтің компаниясы алған.
Кремлдің саясатын сынаушы, соғысты айыптаушы ресейлік әртіс Максим Галкиннің Қазақстанда жоспарлаған концерті өтпейтін болды. Алматы мен Астанадағы екі сарай да бір уақытта жөндеуге жабылған. Әртістің өзі инстаграм парағында арнайы пост жазды. Ал қарапайым тұрғындар бұдан "саяси астар" көреді.
Қазақстан азаматы Жанбота Айдын Қытайдың Харбин қаласына диссертация қорғауға барғанында университет әкімшілігі "қос азаматтығың бар" деп хақын шектегенін айтады. Ол төрт жыл оқуы зая кете ме деп уайымдайды."Қытай тарапы Жанботаның сөзін раста растамады" дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Алматының іргесіндегі "Алтын Орда" базарының саудагерлері жабық павильон салу үшін қожайынға берген ақшасы ізім-ғайым жоғалып кете ме деп алаңдайды. Өйткені базарды қазір ақша жиған компания емес, басқа адамдар басқарады. Ал құрылыс басталса да жұмыс баяу жүріп жатыр.
Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптап, сұхбат берген ресейлік педагог Наталья Нарская Алматыдағы абақтыда отыр. Құқық қорғаушылардың айтуынша, оның психикалық жағдайы қиындаған.
Үкімет айқындаған 8 облыстан басқа аумаққа барса шетелден көшіп келген қазақтарға "қандас куәлігі" берілмейді. Куәлік берілмейтін елдімекендердің қатарында Алматы, Астана мен Шымкент те бар. "Қандас куәлігі" – қандастардың азаматтық алуына қажет маңызды құжат.
Алматыда 22 қыркүйек күні кемі үш белсендіні полиция ұстап әкетті. 19 қыркүйек күні Алматы қалалық соты ғимаратының алдында қаңтаршылардың ісін офлайн өткізуді талап еткен оларға "бейбіт митинг өткізу тәртібін бұзды" дейтін айып тағылған. Белсенділер айыпты мойындамайды.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 78-сессиясы өтіп жатыр. Жарыссөздің алғашқы күнінде Украина-Ресей соғысына кеңірек тоқтағандар немесе тақырыпты айналып өткендер де болды. АҚШ әлемді Ресейге қарсы бірігуге үндеді. Қазақстан дипломатияға жүгінуді қолдады.
Тағы