Биыл қымбатшылық қысқан соң ба, елде жалақы дауы қатты көбейді. Мұнайшылар, дәрігерлер, жүргізушілер жиі ереуілге шықты.
Желіде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды "орысша сөйлейтін ел" деп атағанын талқылады.
Биыл Мәскеу тарабынан Қазақстанға ақпаратты шабуыл көп жасалды. Ресей Қазақстанға "сыйлаған жерлер" туралы былтырғы әңгіме тіл мәселесіне ойысты. Кремльшіл шенеуніктер мен БАҚ "Қазақстан — орысша сөйлейтіндерге қауіпті ел" деп дабыл қақты. Мұндай айыптаулар әлі де тоқтаған жоқ. Елдегі орыс тілі жайлы мәлімдеме жасағандар арасына Ресей президенті Владимир Путин де қосылды.
Алматыда құрылысы ұзаққа созылған Рысқұлов-Емцов қиылысындағы жолайрық пайдалануға берілсе де, кептелісті азайтуға әсері болмады деп шағынады тұрғындар. Себебі жолайрықтан кейінгі көшенің бағдаршамы өшірілген. Бұл жаяу адамдар мен көліктердің Ұлжан ықшамауданына қарай өтуін қиындатқан. Жолды кескен
Алматыда түрлі митингіге қатысатын белсенділер ұстау кезінде полиция күш көрсететінін, ұрып-соғатынын айтып шағымданды. Құқық қорғаушылар күш көрсеткен құзырлы орган қызметкерлерін жауапқа тартуды сұраған арыздардың да қараусыз қалатынына наразы.
Gulagu.net құқық қорғау жобасы Ресейде тұтқындарды азаптау кезінде түсірілген жаңа видеоларды жариялады. Красноярскінің туберкулез ауруханасында түсірілген видеода екі тұтқын үшінші бір тұтқынды ұрып соғады.
Желтоқсан оқиғасының отыз бес жылдығына орай түсірілген фильм көрсетілді. Режиссер Әсия Байғожина оқиға куәгерлерінен бөлек, бұрынғы КГБ басшысымен сұхбатын көрсетеді. Фильмнен соң сөйлеген тарихшылар "оқиға шындығы тұншығып жатыр" деді.
Биыл 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жол толды. Бұл күні Алматы жұрты мерекемен бірге 1986 жылғы Желтоқсан, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларын еске алды.
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды Алматы полициясы тергеуге шақырды. "Жалған ақпарат тарату" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Мамай бүгін сағат үште полиция ғимаратына адвокатымен бірге кірді. Арыз жазған тарап - Қаржы нарығын реттеу агенттігі.
Алматыда Жаңаөзеннен арнайы келген Жамаловтар отбасы баспасөз мәслихатын өткізіп, биыл қаңтарда болған қылмыс дұрыс тергелмеді деп шағынды. 32 жастағы мұнайшы оператор Жұмабек Жамаловтың өліміне байланысты көп сұраққа жауап жоқ дейді. Күдіктілер түгел ұсталмай басталған сотқа да күмәнмен қарайды.
Экс-президентті мақтап, мадақ айтып елге танылған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамаққа жіберілді. Ол үш күн бұрын ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне деп бөлінген ақшаға байланысты жемқорлық күдігімен ұсталған.
13 желтоқсан президент Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ондаған азаматты мемлекеттік награда беріп, марапаттады. Сыйлық алғандардың ішінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары мен жақын серіктері де көп.
Алматыда Жаңаөзен оқиғасына байланысты түсірген деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Фильм авторы – оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай. Ол бұл еңбек бірнеше адамның өмірін қиған оқиғаның 10 жылдығына арналады дейді.
Желіде халық санағының алғашқы нәтижесі мен гандболшылардың әнұран орындаған видеосын талқылады.
Алматыдағы Қытай консулдығына барып, қамауда жатқан туыстарына араша сұраған азаматтардың наразылығы басталғанына бүгін тура 10 ай болды.
2006 жылы Шаңырақ оқиғасы кезінде Арон Атабек "депутаттардың қоғамдық көмекшісі ретінде әрекет еткен" дейді диссиденті қорғау жөніндегі комитет. Заңгер "депутат Бекболат Тілеухан жазды" деп бір құжатты көрсетеді.
Желіде ақын Жүрсін Ерман мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус бір-біріне құда екенін талқылады.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 10 жыл бұрын болған Жаңаөзен оқиғасына шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті айыптады. Әблязов Назарбаевтың айыптауына желідегі парақтарында жауап бермек.
Бір жылда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың карьерасында бірнеше өзгеріс болды. Жылдар бойы өзі басқарған Қазақстан халқы ассамблеясының да, партияның да төрағалығынан кетті.
Желіде Қызылорда облысы әкімі көлігінің Түркістандағы қымбат қонақ үйдің алдында тұрған видеосы тарады. Түркістандық блогер әкімнің көлігі ереже бұзып, терезесін қараңғылап алғанын видеоға түсірген.
Тағы