Алматыда 19 жыл бұрын жұмбақ жағдайда қаза тапқан оппозиялық саясаткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына орай ас берілді. Президент Тоқаев асқа орай хат жолдап, Нұрқаділовке ескерткіш орнату қажетін айқан. Бұны желідегі жұрттың кейбірі жақсылыққа баласа, кейбірі "екіжүзділік" деп жазды.