Қазақстан үйреншікті еуропалық инсулиннің орнына Қытайда шығарылған инсулин сатып алған. Қытайда бір ғана зерттеуден және Қазақстанда тек шектеулі клиникалық бақылаудан ғана өткен жаңа препаратқа пациенттер секеммен қарайды. Сарапшылар мен депутаттардың көкейінде де оған қатысты сұрақ көп.
Қазақстанда тасқын су қатері әлі басылмады. 12 облыс аумағында бірнеше елдімекенді су басқан. // Ақорда тасқынға байланысты жиын өткізді. Халықтан кешірім сұраған президент үкіметті сынады. // Әр аймақ халқы апаттан зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруға кірісті.
Қазақстанның басым бөлігінде су тасқыны күшейді. Шалғай ауылдарда мал-мүлкі суға кеткендер аз емес. || Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаевтың сотында марқұмның ағасы жауап берді. || Қазақстанда қырғыз режиссерінің фильміне қызығушылық күшті. Фильм төрт күнде 454 миллион теңге тапты.
Ресейдегі терактіні жасаған кім? "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алса да Кремль оқиға артында Украина тұрғанын айтады. || Терактіге байланысты сегіз адам екі айға қамалды. Оның көбі Тәжікстан азаматы. || Бірнеше өңірде еріген қар суы жұртты әбігерге салып жатыр.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке сот шартты жаза кесті. || Қаңтарда ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі,ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 8 жылға шартты жаза алды. Самат Әбіштің ауыр қылмыстық іс бойынша айыпталып, шартты жаза алғаны наразылық туғызды.
Астанада бірнеше белсенді әкімшілік қамауға алынды. Билік оларды оппозиция қарсылық акциясы өтеді деп белгілеген күнге жеткізбей жазалады.
Назарбаев ресми биліктен кетіп, орнына Тоқаев келгелі 5 жыл. Қазақстанда 5 жылда не өзгерді?
Ресейді 20 жыл басқарған Владимир Путин тағы 6 жылға сайланды. || Алматыда сарбаз 3,5 ай бойы комада жатыр. Ата-анасы ол таяқ жеген дейді. || Қазақстан елтаңбасының авторы президенттің рәмізді өзгерту ұсынысына қарсы шыға алмаймын дейді. Тоқаев сөзін желіде сынағандар көп, жақтағандар да бар.
Осыдан 10 жыл бұрын Ресей Қырымды аннексиялады. Түбекті басып алмас бұрын территорияны Украинадан бөлу туралы референдум өтті. Әлемнің көптеген елі оны мойындаған жоқ. Қазақстан екіұшты тұжырымды алға тартты. Осы он жыл ішінде Астанада Қырым тақырыбы қалай өрбіді және елде оған қалай қарайды?
Cовет өкіметі 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында 468 ядролық сынақ жарылысын жасады. Орасан зор зиян тигізген оның зардабын халық әлі күнге шегіп келеді. Жергілікті фототілші Сабыржан Құсайыновтың жеке архивіндегі фотоларда полигонда пайдаланылған техниканың қалдығын көруге болады.
Атырауда Азаттық тілшісін әкімдік шенеунігі Ұлттық құрылтай өтіп жатқан жерге кіргізбей қойды. Ал жай киім киген белгісіз біреулер журналистен видеоға түсірмеуді талап етті. Тілшіміз редакцияның тапсырмасы бойынша репортаж жасауға барған еді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік елтаңбаны өзгертуді ұсынды. || Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысы тағы да тікелей эфирде көрсетілмеді. Ғимарат маңына барған тілшіге кедергі болды. || Ұлттық құрылтай қандай орган? Онда айтылған мәселелер қаншалық маңызды? Саясаткермен сұхбат
Ресейде бүгін президент сайлауы басталды. Төрт кандидат бар, бірақ Владимир Путиннің жеңісі айқын. Оппозиция өкілдері қазіргі билікке қарсы азаматтарды «Путинге қарсы талтүс» акциясына үндеген. Прокуратура одан экстремизм белгілерін көреді.
Қазақстан Қырғызстанды "тауарларға жалған сапа куәлігін береді" деп кіналады. || Қырғызстан парламенті қоғамның және халықаралық ұйымдардың сынына қалған "шетелдің өкілі" заңын мақұлдады. || "Қаңтар оқиғасы" кезінде адамдарды азаптады деп айыпталған полицейлердің соты аяқталуға жақын.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты сотталған сарбаздарға Астанадағы әскери сот тағы төрт жыл жаза қосып берді. || "Хабар" телеарнасы әлеуметтік желідегі сыннан соң бағдарламасын жапты. || Ресей президенті Украинамен келіссөз туралы тағы айтты.
Тағы