Украин кестесінің көрмесі

Киевтегі Сән апталығында көрсетілген киім үлгілерін жеке коллекционерлер мен мұражайлар ұсынды.

Археологтар тапқан ең көне кестелер біздің дәуірімізге дейінгі 6-5 ғасырларға тән. Алайда кесте өнері тек 19-ғасырдың басына қарай нақты дизайнға ие болды.   

Ұзақ жылдар бойы кестедегі белгілердің мағынасы өзгергенімен, абстрактілік, өсімдік, жануарлар тақырыбы сол қалпы сақталды. 

Оюлардың түр-түсі әр аймақта ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп келді. 

Мәселен, Харьков облысынан келген кестелерге түрлі түсті реңк пен ірілеу жіптер тән. Мұндай суреттер рельефті болып көрінеді.
 

Львов обласынан жеткен кестелерге фоны өзгеріссіз қалатын геометриялық "жеңіл" суреттер тән. 
 

Подольск кестелерінің тігістері сан түрлі және бояулары ашық болып келеді. Қара жіп қызыл, сары немесе көк түстермен кестеленетін негіз ретінде алынады. 
 

Тернополь облысында жеңді бойлай тігілетін геометриялық өрнектер кең таралған.
 
 

Киев облысында жүзім, құлмақ гүлі, ромб пен төртбұрыштардың гүлді-геометриялық кестелері жиі кездеседі. Қолданылатын негізгі бояу түрлері - ақ, ал қызыл мен қара түстер.

Кейбір Украина тұрғындары жейдеге тігілген өрнектерге тұмар ретінде қарайды. Олар өрнектелген жейденің жын-шайтаннан қорғайтынына сенеді.
 

Бүгінде кестелер тек ұлттық мақтаныш емес, сән атрибутына да айналған. Көп ретте украиндар кәдімгі футболкалардың орнына кестелі жейде киеді.
 

Кесте - украин халқының бірлігінің белгісі іспеттес.
 

Кестелеу өнері 2015 жылы Украина халқы бірлігінің белгісіне айналды. Киветегі Сән апталығы кезінде елдің түкпір-түкпірінен ұлттық киімдер әкелінді.