Айкөркемді атқан күдікті, жойылған "елбасы", 7 партияның кандидаттары
Your browser doesn’t support HTML5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен туыстарын қылмыстық қудалаудан қорғаған "Елбасы" заңының күшін жойды. 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына Ақорда саясатын жақтайтынын ашық айтатын 7 партия да кандидаттарын тіркетіп алды. 4 жасар Айкөркемнің Қаңтар оқиғасы кезіндегі қазасына байланысты бір күдікті анықталды. Оған "билігін асыра пайдалану" айыбы тағылған. Айкөркемнің әкесі айып тым жеңіл екенін айтады.