"Ақ жол" Қазақстанды Еуропаға жақындатуды көздейді, қазақ сайты Ресей сотынан шақырту алды
Your browser doesn’t support HTML5
Парламент сайлауы қарсаңында съезд өткізген "Ақ жол" партиясы Қазақстанды Еуропа одағына қосу мәселесін қозғауға уәде берді. Партия сайлауға баратын кандидаттар тізімін жариялады. Ресей соты қазақстандық Arbat.media сайтына Украинадағы соғыс туралы мақала жариялағаны үшін шақырту жіберді. Сайт редакторы сотқа барудан бас тартты. Ақтөбе қаласында Қаңтар оқиғасына қатысқан 18 адамға сот үкімі оқылды. Кейбірі ақталды, кейбірінің жазасы қысқарды. Бір адам 15 жылға сотталды.Францияда зейнетақы реформасына қарсы 3 миллионға жуық адам ереуілге шықты. Билік зейнет жасын 64 жасқа ұлғайтпақшы. Ұлыбританияда да үкіметке наразылық өтіп жатыр.