Астанада әйелдер митинг өткізді
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада ондаған әйел жиналып, митинг өткізді. Олардың талабы - сексуал харассментті заңмен қудалауды енгізу. Жиынға әкімдік рұқсат берген. Қытайдың Қазақстандағы елшілігі туысына бостандық талап еткен топты тағы да қабылдамады. Елші де шықпады. Сыртқы істер министрлігі мәселені шешуге көмектесеміз дейді. Журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім сайлауға кандидат болып тіркеле алмады. Аумақтық сайлау комиссиясы оған кейінгі 10 жылда бір мекенжайда тұрақты тіркелмегенсің деген. Тіркемеу себебін журналист кәсіби қызметімен байланыстырады.
- "Қазақстан халық партиясы" (коммунистер) алдағы сайлауға 52 кандидаты барын мәлімдеді. Съезд өткізген партия билікшіл екенін тағы растап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайтынын қайталады.