Негізінен табиғи шикізат байлықтарының экспорты есебінен күн көріп отырған тәуелсіз Қазақстан – тұңғыш рет жартылай дайын өнім сатуға кіріскен тәрізді. Атап айтқанда, минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықтың Бас директоры Әбдірасул Жәрменовтің 21-інші қаңтарда мәлімдегеніндей, Қазақстан радиоактивті осмий-187 изотопынның ең таза үлгісін сатуға кірісті. Әбдірасулдың мәлімдеуінше, осмий-187 шығарудан Қазақстан бүкіл әлемді монополия орната алады. Оны сату жөнінде Чехия Республикасымен арадағы жалғыз келісім-шарттың өзі республикаға 40 млн. доллар пайда түсірген.
Оған қоса Қазақстан өнеркәсіптік-инновациялық бағдарламасына сәйкес, таяу жылдары экспортқа негізделген тағы бірнеше соңғы өнім шығаруды жоспарлауда. Ол неғылған өнімдер?
Өткен қаңтар айында Қазақстанда ерекше оқиға болды. Минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі Қазақстанның Ұлттық орталығы өз өнімдерін экспортқа шығаруға көптен бері сарғая тосқан лицензиясын, яғни рұқсатын алды. Ол лицензияға сәйкес Қазақстан өзі өндіре бастаған бүкіл дүние жүзіндегі ең таза радиоактивті осмий-187 изотопын сыртқы сатуға “ақ батасын” алды. Ол жайында Ұлттық орталықтың Бас директоры Әбдірасул Жәрменов қаңтардың 21-інде мәлімдеді. Осмийдің тазалығы – 99,97 пайызға тең. Ал ол аса сирек кездесетін және сол себепті де аса қымбат химиялық затты сатуға лицензияны 1 жыл тосуға тура келген. Осмийді сату туралы Чех Республикасымен арада қол жеткен жалғыз келісім-шарттың өзі Қазақстанға 40 млн. доллар таза пайда түсірген. Әбдірасул мырзаның мәлімдеуінше, әлгі изотоптың бүкіл әлемде белгіленген нақты бағасы жоқ. Сондықтан бағаны өндіруші жақ – Қазақстанның Ұлттық орталығының өзі тағайындаған. Чехия Қазақстанға осмийдің 1 грамы үшін 10 мың АҚШ долларын төлеп отыр. Ең өкініштісі, республика үкіметінен лицензияны сарғайып тосып отырған 1 жылда минералдық шикізаттарды өңдеуші Ұлттық орталық тағы бір нақты сатып алушысынан айрылып қалған. Оған қоса, әрбір келісім-шарт немесе контракты үшін республика үкіметінің арнайы қаулысы мен өнеркәсіп және сауда министрлігінің рұқсаты керек көрінеді және контрактыға қол қою үшін - өнімнің сапасы жөнінде түрлі мекеменің, оның ішінде шетелдік ұйымдардың қорытындысы талап етіледі. Ол аздай Қазақстан үкіметі мен жекелеген министрлік жетекшілерінің жиі ауысуы да әлгі үрдісті одан да бетер күрделендіріп отыр. Соған қарамастан Ұлттық орталықтың қызметкерлері қол қусырып отырған көрінбейді. Олар қазақ осмийі бүкіл әлемде кең сұранысқа ие болады деп сенеді.
Осмий – табиғатта бірге кездесетін 6 металдың қоспасынан тұратын, платина тобына жататын химиялық элемент. Ол – ең қатты, тот баспайтын және тозбайтын металл болып табылады. Қымбат болуы да содан. Осмийдің 70 пайызы медицинада, 30 пайызы ғылыми салада қолданылады. Бірақ оның қолданымы болашақта көп кеңеймек. Ә.Жәрменовтің хабарлауынша, өзі бастаған Ұлттық орталықта таяу күндері химия өнеркәсібіне өте қажетті ең бірінші қазақ бромы шығарылмақ.
Әйтсе де, осмий мен бром – Қазақстан өндіре бастаған немесе шығара бастайтын алғашқы жартылай өнімдер болғанымен, 2004-інші жылы республикада басқа да соңғы дайын өнім өндіретін кәсіпорындардың алғашқысы пайдалануға берілмек. Мысалға, Қазақстанның Даму банкісінің төрағасы Қамбар Шалғымбаевтың 2 ақпандағы мәлімдемесіне сенсек, биыл Қазақстанда мақта жібін иіретін зауыт пайдалануға берілмек. Оның хабарлауынша, алғашқыда Даму банкі шикізат күйіндегі мақтаны Еуропаға экспортталуын несиелеп келген, одан соң мақта жібін иіру өндірісін ашуды нисиелендіруге кіріскен. Оған қоса, Даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаевтың мәлімдеуінше, мақта мата өндірісінің жобасын қарамақ. Ал оның өнімдері де түгел экспортқа негізделген. Әрі қарай “Бенеттон” сияқты танымал сауда маркілерінің бірін сатып алып, киім-кешек тігіп сату да жоспарлануда.
Қамбар Шалғымбаевтың мәлімдегеніндей, Даму банкі Павлодар қаласында алюминий шығаратын электролиз зауытын салу жобасының бірінші сатысы қолға алынуда. Жалпы құны 800 млн.-нан 1 млрд. долларды құрайтын осы жобаның бірінші сатысы жүзеге асырылған жағдайда, жылына 60-66 мың тонна, екінші сатысында өндіріс қуатын жылына 120 мың тонна өнім шығаруға ұлғайту, соңғы үшінші сатысында жылына 240 мың тонна алюминий өндіру жоспарланып отыр. Аталмыш алып жобаны қаржыландыруға Қазақстанның Даму банкімен бірге, бірқатар шетелдік инвестор, атап айтқанда Александр Машкевич бастаған Еуразиялық банк пен Еуразиялық топ атсалысатын көрінеді.