Accessibility links

Мешітте қиған некенің заңдық күші бар ма?


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

"Зеренің" бұл жолғы хабары мешітте неке қидырған соң өзінің тұрмыс құрып, бала сүйгенін дәлелдей алмаған келіншектер кезіккен мәселе туралы.

Мешітте имамдарға некелерін қидыртып, отбасын құрып жатқандардың басым көпшілігі өздерінің азаматтық некеге ұқсас бейресми қарым-қатынаста екендерін біле бермейді. Азаттық сөйлескен жергілікті заңгердің сөзінше, ер мен әйел ресми тіркеуге алынбаса, Қазақстан заңдарына сәйкес ерлі-зайыпты болып танылмайды.

Некелесудің жауапкершілігі
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:23 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы былтыр республика көлеміндегі барлық мешіттерде неке қию рәсіміне қатысты қарар қабылдаған. Оған сәйкес, діни неке қию рәсімінің алдында тілек білдіруші жұп мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен заңды некеге тұрғаны жайлы куәлік алып келуі міндетті. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облысының өкіл имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы хабарлады.

Ал 15 жылдан астам уақыт отбасылық істерді жүргізіп, сотта ерлі-зайыптылардың құқықтарын қорғап жүрген адвокат Сергей Жұмабековтың сөзінше, Қазақстан заңдары мешіттегі неке қиюды ер мен әйелдің заңды одағы деп қабылдамайды. Сондықтан ол некесін қиған немесе осындай рәсімді өткізуды жоспарлаған жастар, тек діни ғұрыпқа сүйенбей, заң алдында да ниеттерін рәсімдеуі тиіс екенін айтады. Әйтпесе, үйленуші, я тұрмыс құрушы жанның ниеті қаншалықты түзу әрі адал болған күннің өзінде, бұл отасу азаматтық некемен шамалас бейресми қарым-қатынас болып саналады.

"Зере" ханымдар клубының кезекті аудиохабарын жоғарыдағы сілтемеден түгел тыңдап шығыңыз.

Бұл мәселе туралы сіздің не ойлағаныңыз бар? Пікіріңізді күтеміз.

XS
SM
MD
LG