Accessibility links

Жапонияның экс-премьері Синдзо Абэ қастандықтан соң ауруханада көз жұмды


Абеге қастандық соң алғашқы көмек көрсетілген. 8 шілде 2022 жыл.
Абеге қастандық соң алғашқы көмек көрсетілген. 8 шілде 2022 жыл.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ 8 шілдеде жасалған қастандықтан соң ауруханада көз жұмды. Бұл туралы жапониялық басылымдар мен халықаралық агенттіктер хабарлады.

Бүгін, 8 шілде Жапонияның батысындағы Нара қаласында Абэге жұрт алдында сөз сөйлеп тұрғанда оқ атылған. Кейін оны ауруханаға жеткізген. Абэ жұртты алдағы жексенбі күні өтетін сенат сайлауында өз партиясы атынан қатысатын кандидатты қолдауға үндеп тұрған еді.

Ақпаратқа қарағанда, Абеге Нара қаласының 41 жастағы тұрғыны Тэцуя Ямагами шабуыл жасаған. Ол адам өлтірмек болды деген күдікке ілініп, қамалды. Алдын ала ақпарат бойынша, ол экс-премьерді қолдан жасалған бытыра мылтықпен атқан. Полиция қаруды тәркілеген. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Тэцуя Ямагами бұрын Жапонияның теңіз күштерінде қызмет еткен.

Жапониялық NHK телеарнасы "Ямагами полицияға Абеге көңілі толмайтынын, оны өлтіргісі келгенін айтқан" деп хабарлады.

Абені атқан күдіктіні ұстау сәті. 8 шілде 2022 жыл.
Абені атқан күдіктіні ұстау сәті. 8 шілде 2022 жыл.

67 жастағы Синдзо Абэ 2020 жылы премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен. Бірақ Жапонияның басқарушы либерал-демократия партиясында ықпалды тұлға болып қалған. Ол Жапонияда ең ұзақ уақыт премьер-министр (2006-2007 және 2012-2020 жылдары) болған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG