Алматыда қолөнер шебері Анар Лепесованың алғашқы жеке көрмесі өтті. Көрмеге 30-дан аса қуыршақ қойылды. Төрт жасынан бастап склеродермия ауруына шалдыққан Анардың сүйікті ісі – қуыршақ тоқу. Қуыршақтарының бағасы 5000-15000 теңге (15-45 доллар) аралығында. Одан түскен қаржыға Анар дәрі-дәрмек сатып алады. Алматы, 10 қараша 2016 жыл.