Бірақ соңғы сайлау, оның көзқарасынша, бір ерекше құбылысты айқын аңғартты. Атап айтқанда, шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің өкілдері саясатпен жай әуестеніп қана қоймай, өз өкілдерін жергілікті билік тармақтарына белсенді түрде енгізуге құлшынды.
Е.Ертісбаевтың мәлімдеуінше, келесі жылғы парламент сайлауында “президенттік “Отан” партиясы мен президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева құрып жатқан “Асар” партиясы басым нгізгі күш болады. “Асар” – парламент сайлауында Азаматтық партиясын 3-нші орынға ығыстырады, агарлық парияның жағдайы келесі сайлауда мүшкіл болады да коммунистік және, сөзсіз, “Ақ жол” партиялары, Қазақстан президенті кеңесшісінің пікірінше, парламентке өз өкілдерін өткізе алады.
Барлық облыстарда дерлік маслихат сайлаулары, ҚР-сы президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаевтың пікірінше, бұрын-соңды болмаған бәсекелестік жағдайында өтті. Бірақ, оның мәлімдеуінше, бұл сайлауларда бір ерекше құбылыс көзге түсті - шағын, орта және ірі кәсіпкерлік саясатпен жай ғана әуестеніп қоймай, жергілікті билік тетіктеріне өз өкілдерін орнықтыруға тырысып бақты.
Биліктің меншіктік-мүлкі мен капиталдың жақын ұштасып кетуі сияқты өтпелі кезеңге тән құбылыс, Ермұхамет мырзаның пікірінше, Қазақстанда айрықша ашық көрініс тапты. Меншіктік-мүлік пен капитал, оның ішінде кәсіпкерлік бар, ұзақ уақыт бойы, саясатты былай қойғанда, жергілікті билік тармақтарына алаңдамай, өз шаруасымен тікелей шұғылданып келді. Алайда, күтпеген жерден, маслихат сайлауында әлгіндей құбылыс аңғарылды және, Е.Ертісбаевтың ойынша, ондай құбылыс келесі жылғы парламент сайлауында одан да бетер айқын көрініс береді. Өйткені , осыған дейінгі сайлаулар ресми билік пен әсіре оппозицияның талас-тартыстарымен өтіп келді.
Ал өткен маслихат сайлауында, деп мәлімдеді Қазақстан президентінің кеңесшісі, үшінші бір күш (!) бой көрсетті. Ол күш, Е.Ертісбаевтың айтуынша, енді ресми биліктің қолдауынсыз және оппозициямен, не болмаса басқа партия атаулымен байланысып жатпай-ақ, жергілікті өкіметке өз беттерінше жармаса бастады. Үшінші күштің барлық мүмкіндігі бар, оның ішінде әсіресе қаржылық қауқары орасан.
ҚР-сы прездентінің кеңесшісі Е.Ертісбаев маслихат сайлауы барысында болған жаппай заң бұзушылықтарды жоққа шығарып әуре болмады. Керісінше, заң бұзушылықтар туралы баспасөз беттерінде, әсіресе оппозициялық интернет-парақтарында шыққан барлық дерек-ақпарды саралай отырып, олардың 50 пайызға дерлігі “Сайлау туралы” заңның қаржылық іс-әрекет туралы бабына қатысты заңсыздықтар болғанын атап көрсетті. Дәлірек айтқанда, Е.Ертісбаевтың өз сөзімен айтқанда, депутаттыққа үміткерлердің басым көпшілігі сайлау науқаныныа заңда көрсетілген қаржыдан әлдеқайда мол қаражат шашқан. Дауыстарды сатып алу, деп мәлімдеді президенттің кеңесшісі, ашықтан-ашық болды. Ал кез-келген сайлау, оның пікірінше, дауыстар алып-сатылатын базар. Дауысты сатып алушы – ол маслихат немесе парламент депутаттығына, не болмаса – президенттік лауазымға үміткер... Ол әрқашада дауыстарды сатып алады, өйткені дауысқа аса мұқтаж. Дауысты сатушы – бұқара халық! Міне осындай құбылыс, деп мәлімдеді Е.Ертісбаев, Алматыда айқын көрінді.
Ал өткен маслихат сайлауындағы бұқара халықтың өте төмен белсенділігін Е.Ертісбаев саясаттану ғылымындағы “абсентеизм” деген термин-сөзбен, яғни – “бұқара халықтың дауыс беруден қашу” деген мағынаны білдіретін терминмен түсіндіруге тырысып көрді. Атап айтқанда, өз еліндегі сайлауға оның шын мәнісіндегі оң нәтиже беретініне сенбегендіктен саналы түрде қатыспаған немесе елдегі мызғымас саяси тұрақтылық орнаған тұста “абсентеизм” құбылысы бой көрсететін көрінеді. Ал Қазақстандағы маслихат сайлауындағы қалықтың дауыс беруге тым енжар қатысуына, Қазақстан президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаевтың мәлімдеуінше, жоғарыда аталған осы 2 себеп те бірдей әсер еткені сөзсіз.
Қазақстандық бірқатар саясаттанушының пікірінше, маслихат сайлауында сан-алуан айла-амалмен жеңіске жеткен ресми билік – алдағы парламент және президент сайлауындағы жеңісін де алдын-ала қамтамасыз етті. Оның басты сыры – алдағы уақытта қабылдануға тиісті “Сайлау туралы” жаңа заңға сәйкес, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын жергілікті маслитхаттар жасақтауға тиіс. Яғни, келесі барлық сайлаудың нәтижелері, әрине, осы жергілікті сайлау комиссияларына қарайтын болады. Ал маслихаттарда басым орынға ие болған билік өкілдері жергілікті сайлау комиссияларын өз өкілдерімен жасақтауға тырысып бағады және ол арқылы алдағы парламент және президент сайлауындағы “сөзсіз” жеңісін қазірдің өзінде қамтамасыз етіп отыр деп айтуға болатын сияқты. Өткен маслихат сайлауларынан кейін осындай қорытынды жасауға қандай негіз бар? -деген сауалға ҚР-сы президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаев: - Сіз айтып отырған пікірдің жаны бар! –деп ағынан жарылып жауап берді.
Өйткені, деп ол ойын тәптіштеді мемлекет басшысының кеңесшісі, президенттік “Отан” партиясы 1 жылдан кейінгі парламент сайлауында әкімшілік-билік ресурстарынан басқа, өзге де (?) артықшылықтарын пайдаланады. Келесі жылы, оның мәлімдеуінше, билік партиясы тіпті басқа факторларды іске қосады. Ал қандай “факторлар” екенін Е.Ертісбаев алайда нақты да тәптіштеп айтып жатпады.
Менің ойымша, деп ойын қорытты Е.Ертісбаев, парламент сайлауында “Отан” мен дәл осы күні Д.Назарбаева құрып жатқан “Асар” партиясы негізгі күш болады. Азаматтық партияның мүмкіндігі әлдеқайда төмендейді – оны маслихат сайлауы көрсетіп отыр және аграрлық партияның жағдайы да мүшкіл болады. Компартия, Е.Ертісбаевтың айтуынша, партиялық тізім бойынша Мәжілістегі 2 орнын сақтай алады, “Ақ жол” – оның саяси жетекшілері мен мүмкіндігі ескерілсе, сөзсіз көп дауысқа ие болуға шамасы бар.
С.Ақ.: ҚР-сы президентінің кеңесшісі Е.Ертісбаевқа: “Сіз президенттік “Отан” партиясына келесі жылғы парламент сайлауында алдын-ала жетекшілік орын беріп отырғаныңызды қалай түсіндіресіз? –деген келесі сауал қойылды.
Е.Е.: Мен оған байланысты пікірімді “Время” апталығының 4-қыркүйек санына берген сұхбатымда айттым. Мен онда алдағы парламент сайлауында “Отан” партиясының көш басында келуі мүмкіндігін президент Н.Назарбаевтың оған лидер болуымен түсіндіргенмін. Ал президенттің қазіргі саяси рейтінгісі бұрын-соңды болмағандай биік.
С.Ақ.: Ал саяси партия ретінде қалыптасып болмаған және, біздің білетініміз, “партия” ретінде әлі тіркеліп те үлгермеген “Асар”-дың парламент “бәйгесінен” екінші болып келеді деген пікіріңізді қалай түсінуге болады?
Е.Е.: Бәрінен бұрын оның лидерімен түсіндіремін. Оның лидері – Дариға Назарбаева. Мәселе – Дариғаның президенттің қызы болуында жатқан жоқ... бірақ “президенттің қызы” дегенді де есептен шығаруға болмайды. Мысалға Франсия президенті Жак Ширактың қызын алайық. Ол әкесінің “имиджмэйкері” болып табылады. Б.Ельциннің қызы тіпті президент аппаратында президент-әкесінің кеңесшісі болып істеді. Ал Дариға болса... одан да алысқа және одан да асқан “нартәуекелге” бел шешіп отыр – ол саяси партия құрып жатыр. Ал партия, дау жоқ, парламенттік, президенттік билікке таласу үшін құрылады. Дариға партия құрса, онда ол өзінің саяси мақсат-мүддесін ашық мәлімдеп отыр. Міне сондықтан да ол өзіне көп адамды бірден тарта бастады. Елдің кейбір аймағында орта кәсіпкерлік өкілдері, табысты да тұрақты жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер “Асар”-ға көп ойланбастан кіріп, өзімен бірге 200-300 кісіні жетектеп алып келді. Мен оны жақсы білемін (!)... Алдыңғы қатарлы кәсіпкерліктің “қанағаттанбаған” бөлігі және кәдімгі қабылеттілерге “жаңа көсем” жетпей тұр. Мысал ретінде айтқанда, қазіргі президенттің тұсында үкіметтегі, президент әкімшілігі немесе әкімиаттардағы биік лауазымдар бос емес. Міне осы кезде аяқ астынан “Ақ жол” партиясы шыға келді де “қанағаттанбаған” маңдайалды кәсіпкерлер мен қабылеттілердің бір бөлігі “Ақ жол”-ға лап қойды. “Асар” пайда болған сәтте “Ақ жол”-ға барғандардың көбі, мен оны дәл білемін, терең ойға қалды.
С.Ақ.: ...?!
Е.Е.: Жоқ, мен оны “жаман әдет” немесе екіжүзділік деп ойламаймын. Ол дұрыс, солай болуы керек. Керек десеңі, кезінде тіпті У.Черчиль де бір партиядан екіншісіне 2 мәрте өтті. Ол дұрыс. Өйткені, адам өзінің саяси мүддесін, мансаптық ниетін қанағаттандыра алуы керек: бірі үкіметке, билікке барғанды көздейді; елінің, халқының тағдырына іс-жүзінде ықпал етуді тілейді. Өзін “бұл - Менмін!” деп танытқысы келеді. Міне осы тұрғыдан келгенде, “Асар” партиясын айтарлықтай болашақ тосып тұр деп ойлаймын.
С.А.: Сіздің осындай ойыңызға ілесетін болсақ, Н.Назарбаевтан кейін кімнің президент болуы ықтимал, қалай ойлайсыз?
Е.Е.: Ешбір алып-қашпа пікірді тудырмас үшін, Н.Назарбаевтан кейін Қазақстанда әділ де аса жойқын бәсекелестік сайлауда жеңіске жеткен тұлға президент болады деп ойлаймын. Ол Дариға бола ма әлде Ғ.Жақиянов, М.Әбіләзов, не Ә.Қажыгелдин бола ма немесе С.Әбділдин, не басқа бола ма, кім білсін, әділ де жойқын бәсекелестік сайлауда басым дауысқа кім ие болса немесе кім 51 пайыз дауыс жинай алса, бітті... сол президент болмақ. Ал ол қазіргі президенттің немере інісі, не қызы не болмаса алыс-жақын туыстарының бірі болсын, оған ешкім қарамайды, ешкім назар да аудармайды.