26 қарашада Алматыда қоғам белсенділері мен туыстары Арон Атабекті жерледі. Жұртшылық саяси тұтқын, диссидент, ақынды ақтық сапарға марқұмның қарындасы Рәзия Нұтышеваның үйінен шығарып салды.
Павлодар түрмесінде отырған диссидент Арон Атабектің ауруханада жатқанын құқық қорғаушылар хабарлады. Билік тұтқынның хал-жағдайы жайлы ештеңе айтпай отыр. 68 жастағы дімкес ақынды босатуды сұраған 2,5 мыңнан астам адам қол қойған хат жуырда Қазақстан президентіне жолданған. Әзірге жауап жоқ.
Ресейдің ПЭН-Москва және "Свободное слово" ассоциациясы құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен ақын әрі диссидент Арон Атабекті қамаудан босатуды сұраған қазақстандық ақын-жазушылардың үндеуіне қолдау білдірді. Ресми Нұр-Сұлтан әзірге үнсіз отыр.
Қазақстан билігі совет кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды "толық ақтап алу" туралы мәселе көтерді. Ал белсенділер мен құқық қорғаушылар билік әуелі бүгінгі саяси тұтқындарды ақтап, босатуы тиіс деп санайды.
Түрмеде отырғанына 15 жыл болған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жағдайы туралы ақпарат қайшылыққа толы. Түрме әкімшілігінің тұтқынның "дені сау" деген сөзін құқық қорғаушылар "бас қатыру" деп атап, билікті Атабекті босатуға үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаевты өмір бойы сынаған диссидент Кәрішал Асанов осыдан бес жыл бұрын өмірден озды. СССР кезінде билікті сынағаны үшін қудаланған Асанов постсоветтік Қазақстанда «президенттің абыройы мен беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен екі рет жауапқа тартылды.
12 жыл бойы түрмеде отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек 65 жасқа толды. Оған барған құқыққорғаушылар ақынның шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазасын жеңілдетуді сұрап өтініш беру ойына кіріп шықпайтынын айтады. Достары мен таныстары Атабектің сан қырлы тұлға екенін айтса, құқыққорғаушылар оның төзімділігіне тәнті болады.
«Президенттің отставкаға кетуін талап еткен соң қысымға ұшырап, Қазақстаннан кеттім» деген Қызылорда тұрғыны Мәскеуде панасыз күйде қалған.
Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы диссидент Арон Атабек отырған түрмеде болды. Төрт жылдан аса бір кісілік камерада отырған оппозиционер жағдайына қатысты жайттар алғаш ашылып отыр.
Әлеуметтік алауыздықты өршітті деген айыппен түрмеге қамалған оппозициялық саясаткер Владимир Козлов енді «түрме ішіндегі түрмеге» ауыстырылды.
Вена түрмесінде өлген Рахат Әлиев Лондондағы Бейкер стриттегі әйгілі үйдің иесі болуы мүмкін.
Алматыда қазақ диссиденті Кәрішал Асанов 79 жасында өмірден озды. Қазақстан тәуелсіздік алған тұста ол президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған кітап шығарғаны үшін сотқа тартылған.
Тағы