Сонымен қатар, Қазақстан Президентті Конституцияға өзгерістер енгізу туралы айтып жүргендердің барлығы ібілістің әрекеті, деп мәлімдеді.
Қазақстан Президентінің бұл мәлімдемесі қоғамынын бей-жай қалдырмады. Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамында бұл жөнінде түрлі пікір қалыптасып отыр.
Қазақстан Парламентінің мүшесі, Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, Конституцияға өзгеріс енгізбейміз, деп Қазақстан Президенті өз мүддесін қорғап отыр.
Қазақстан Парламентінің мүшесі, Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин: - Елбасының көптеген ағаттық сөздерінің бірі, себебі 1998 жылы өзіне керек болғанда Конституцияның 19 бабын өзгертіп, президеттің сайлауын жариялап, оның мерзімін 7 жылға созды, халық оны біледі ғой. Екіншіден, Конституцияның өзі қабылданғаннан кейін, одан бері де халықтың наразылығын тұдырып отыр, ол жағдай жұртшылыққа белгілі, сол себептен өзі иемденіп алып, енді өзгерткізбеймін, дегені менің пікірімше өте қолайсыз айтылған сөз. Конституция бір адамның мүддесі үшін жазылған, ол адамның аты Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл Конституцияны өзгерпеймін, дегенін Нұрсұлтан Назарбаевтың өз мүддесін қорғап отырған шара, деп есептеймін. Жалпы, билікті ретке келтіру үшін, жағдайды ретке келтіру үшін, экономиканы, халықты басқару үшін Конституцияны өзгерту керек.
Конституцияның тұрақтылығы –Қазақстанның тұрақтылығы, деген Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше «Басқа елдерде Конституция жүздеген жылдар бойы мүлтіксіз қызмет атқарып, қоғам соның негізінде дамып келеді. Қазақстандықтар әлі өз конституциясының қызметін толық тұтынып үлгерген жоқ.
Халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйымның Қазақстандағы бөлімінің директор орынбасары Жеміс Тұрмағанбетованың ойынша, мұндай мәлімдемеден кейін Қазақстан Конституциясы әзірге өзгермейді.
Халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйымның Қазақстандағы бөлімінің директор орынбасары Жеміс Тұрмағанбетова: - Ол кісінің бір сөздерді айтып қалатынына, біз талай куә болғанбыз. Бірақ бұл сөздерін соңынан басқаша да айтады, бірақ бұл жолы ойналып кетіп айтқан шығар. Әрине, енді мұндай мәлемдемеден кейін Конституцияны ол кісі өзгерпейтіні белгілі болды.
Заң шығарушы органның өкілі, Қазақстанның бас коммунисті Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, халық еркіне салса Ата заңды өзгертуге болады, бірақ бұл мәселені мұндай
қадамсыз шешу керек.
Қазақстан Парламентінің мүшесі, Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин: - Менің ойымша, Конституцияны былай қойып, президенттің өзін өзгертуге болады, оның барлығын халық жасау керек. Ал халықтың алдында мен осылай боламын, деген президентті түсіну қиын. Халықтың жағдайы қазір өте ауыр,осыған билік тарапынан басқару жоқ, осының барлығын ұйымдастыратын адамдар табылады. Ал қасарсып қалатын болса, онда біз шетелдің пікіріне де жүгінуіміз керек, бірақ жағдайды асқындырудың қажеті жоқ, өз шешімін табады, деп ойлаймын.
Ата заңға өзгеріс енгізу жөнінде билік партиясының кейбір мүшелері бұдан бұрын ашық айтып келген. Оладың қатарында «Отан» партиясының төраға қызметін атқарушы Амангелді Ермегияев, Болатхан Тайжан, парламент мүшесі Серік Әбдірахманов бар. Бақылаушылардың тұжырымы бойынша, бұл азаматтар Президенттің соңғы мәлімдемесінен кейін өз пікірін өзгертуі мүмкін. Бірақ мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов өз ойын Президентке жеткізуді жоспарлап отыр.
Серік Әбдірахманов, Қазақстан Парламентінің Мәжіліс депутаты: - Қазақстан Конституциясында ептеген олқылықтар бар. Президент енді бұл мәселеге үлкен мән бермеген болар. Қазақ мәтіні орыс мәтініне сай келмейді, соны бір мәтінге келтіру керек. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылдасақ, онда мәслихаттардың жағдайы кішкене өзгереді. Сол себептен Президентпен кездесіп қалсақ осы туралы айтамыз, мүмкін көмекшілері бір жақты көрсетіп жатқан болар. Біз енді мүмкіндік болса, өз пікірімізді ашық айтуға тырысамыз, меніңше Президент онымен келеседі. Президентке жақын партия мүшелері қазіргі Ата заңның біршама кемшіліктері бар десе, оппозиция қатарындағы тұлғалар Ата заңның кемшіліктері айтарлықтай көп дегенді айтады. Саясаткер Сейдахмет Құттықадамның ойынша, Қазақстан конституциясын конституция, деп атауға болмайды, бұл Ата заң емес, арнайы шығарылған ереже.
Сейдахмет Құттықадам, саясаткер: - Жалпы әлемдік тәжірибе бойынша, Конституцияның бірінші мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау болып табылады, сосын басшы жүйенің басқыншылығына қарсы тұру. Ал біздің Конституция болса, әсіресе соңғы Конституцияны авторитарлық ереже, деп айтуға болады. Сол себептен мұндай Конституция елгеде, дамуға да әсер етпейді, осыған байланысты бұл Ата заңды өзгерту керек. Қазіргі Конституция бойынша, бізде барлық билік Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында.
Сейдахмет Құттықадам пайымдауынша, Қазақстан президентінің Ата заң жөніндегі соңғы мәлімдемесін әр-түрлі түсінуге болады.
Сейдахмет Құттықадам, саясаткер: - 1993 жылы Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдағанда бұл Ата заңды барлығы мақтады. Бүкіл әлемнің заңгерлері мақтады, дегенді айтты. Көп уақыт өтпей, бұл Конституцияны өзгертті, соңынан 1995 жылы екінші Конституцияны қабылдап, бұл Ата заңды да мақтады, Президент қолдады, деп айтты Нағашбай Шайкенов. Алайда соңынан тағы екі жыл өткеннен кейін, Президент бұл Конституцияға тағы өзгеріс енгізді. Енді осы жағдайды ескере отырып, ібілістің ісі дегенді түсіну қиын. Сонда бұл жерде кім ібіліс?
4 қырқүйек күні Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаевтың «Время» газетіне берген сұхбаты жарияланды, онда басылым тілшісі Ермұхамед Ертісбаевқа – « Президент Конституцияға өзгерістер енгізу туралы айтып жүргендердің барлығы ібілістің әрекеті, дегенді айтты, бұл жөнінде не айтар едіңіз дегенде, Ермұхамад Ертіспаев: - « Президент солай деп айтса,солай деп ойлаймын», - деген.
- «Сонда 1998 жылы асығыс түрде енгізген өзгерістер де ібілістің ісі ма?” - деген келесі саулға Президент кеңесшісі: «Бұл енді құдайдың ісі»,- деп жауап қайтарған.
Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстан Конституциясының кемшілігі жоқ, бірақ..."
- Гүлмира ХАМЗА
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күніне орай, Қазақстан Конституциясына ешқандай өзгертулер енгізілмейді және оның қажеті де жоқ, дегенді айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы